1. 2003 жылғы 28 қазанда Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы атқару хаттамасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы,
2003 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi негізге ала отырып, мыналар туралы келiстi:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшiн 2003 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң шеңберiнде iске асырылатын 2003 жылғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету жобасын белгiлеу Осы Атқару хаттамасының мақсаты болып табылады.
Осы Атқару хаттамасының қолданылуы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабына таралады.
3-бап
2003 жылғы материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жобасы
1. 2003 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге сәйкес Түрiк Республикасының Бас штабы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн 2 250 000 000 000 (екi триллион екi жүз елу миллиард) түрiк лирасы сомасына материалдар ұсынылады.
2. Осы материалдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жеке құрамын және арнайы мақсаттағы батальонды оқыту үшiн көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне ұсынылады.
1. Тараптар материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегі жобаны жүзеге асыру үшiн жеткiзiлетiн материалдардың атаулары мен санын бiрлесіп қарайды және белгiлейдi.
2. Бөлiмнiң жауынгерлiк даярлығына тiкелей қатысы бар көлiк пен байланыс құралдары сияқты негiзгi материалдарды Түркиядан Түрік Республикасының Бас штабы жеткiзедi.
3. Амалсыз жағдайлардан басқа жағдайда бұл сомаға тұтыну тауарлары сатылып алынбайды және құрылыс жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмайды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi осы тармақтың орындалуына жауапты болып табылады.
4. Қазақстан Тарабы түрiк Тарабы жеткiзген материалдардың қабылданғаны туралы түрiк Тарапына ақпарат бередi және оларды пайдалану жөнiндегi iс-шараларды құрады.
5. Сатып алынатын материалдар тек материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi жоба мақсатында пайдаланылады және басқа мақсатқа пайдаланылмайды.
6. Өтеусiз әскери көмек шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына дейiн материалдарды жеткiзуге түрiк Тарабы жауап бередi. Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы материалдарды кедендiк ресiмдеу жөнiндегi барлық рәсiмдердi қазақстан Тарабы жүзеге асырады. Түрiк Тарабы осы рәсiмдер үшiн жауап бермейдi.
Осы Атқару хаттамасы 2003 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге сәйкес дайындалған.
Осы Атқару хаттамасы Тараптардың оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2003 жылғы 28 қазанда Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Атқару хаттамасының ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда, тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Қорғаныс министрлiгi үшін Бас штабы үшiн
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Қорғаныс министрi Бас штабының бастығы
армия генералы армия генералы