Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1307 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Өзгерту енгізу көзделген - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру және есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 21 шілдедегі
N 780 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу
ережесі
Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттырудың және есептеудiң тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгі ұғымдар:
1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргізетiн заңды тұлға;
2) асыраушы - өзінiң асырауындағы отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiн өз табысының есебiнен ұстап отырған адам;
3) әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн айқындау (есептеу) - әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебi жөнiндегi уәкілеттi ұйымның және әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының орташа айлық табысын және тиiстi табысты алмастыру, асырауындағылар санының, қатысу стажының, еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициенттерiн ескере отырып, әлеуметтiк қатердiң түрiне қарай әлеуметтiк төлемдердiң ай сайынғы мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбi;
4) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не оларды Қорға төлеп отырған және оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган әлеуметтiк төлемдердi тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға ал ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт оны хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасының мүшелерi;
5) әлеуметтiк төлемдер - Қор алушының пайдасына жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
6) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, мiндеттi әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтiк аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзетiн мемлекеттік кәсiпорын;
7) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi.
2. Әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн арттыру тәртiбi
2. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру Қор активтерiнiң есебiнен жүргiзiледi.
3. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру туралы шешiмдi Қор қабылдайды.
4. Орталық Қор қабылдаған шешiмнің негізiнде әрбiр әлеуметтiк төлем алушы бойынша әлеуметтiк төлемдердi арттырумен байланысты әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн өзгерту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және оларды бекiту үшiн әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органға жiбередi.
5. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган 10-күндiк мерзiмде әрбiр алушы бойынша арттырумен байланысты әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн өзгерту туралы шешiмдердiң жобаларын бекiтедi және төлемдердi жүзеге асыру үшiн оларды Орталыққа жiбередi.
6. Арттырумен байланысты, әрбiр алушы бойынша әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгеруi туралы әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган бекiткен шешiмдердiң негізiнде Қор әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру үшiн қажеттi қаражатты Орталықтың шотына аударуды жүргiзедi.
7. Орталық жүргізiлген арттыруды ескере отырып, әлеуметтiк төлемдердi Орталық пен Қор арасында белгiленген төлемдер кестесiне сәйкес төлейдi.
3. Еңбек ету қабiлетінен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн есептеудiң тәртiбi
8. Әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар адамдар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне Заңда белгiленген тәртiппен барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтiнiшпен барады.
9. Орталық ұсынылған құжаттардың негiзiнде 5 күндiк мерзiмде:
1) әрбiр әлеуметтік төлем алушы бойынша әлеуметтiк төлем алушы iсiнiң макетiн қалыптастырады;
2) алушының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу стажының ұзақтығын растайтын анықтаманы (1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) толтырады;
3) әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн есептейдi;
4) әлеуметтiк төлемдi тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын толтырады (2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) және оларды бекiту үшiн әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органға жiбередi.
10. Еңбек ету қабiлетiнен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн анықтаудың тәртiбi Заңмен белгiленедi.
11. Әлеуметтiк төлем мөлшерiнiң артуына, еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiнiң, әлеуметтiк төлеммен қамтамасыз етілетiн асырауындағылар санының және қатысу стажының өзгеруiне байланысты әлеуметтiк төлемнiң мөлшерiн өзгерту туралы шешiмнiң жобасын Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi әзiрлейдi және ол әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкілетті органның шешiмiмен бекiтiледi.
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу стажы туралы Анықтама
_______________________________________________________
Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталық бөлiмшесiнiң атауы
Жеке шоты N _______________
ӘЖК _______________________
Т.А.Ә.
__________________________________________________
| Жұмыс берушінің атауы | Жарналар |
| |_______________________|
| | күнi | сомасы |
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
Жиыны:
Мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы стажы
_____________________________________________________________
(жазумен)
Жауапты орындаушы:
Көшірменiң күнi мен уақыты
Басып шығарған күнi
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыcымен.
Коды |__________|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің ____________ облысы бойынша
департаментінің _____________________________________________
(төлем түрi көрсетілсін)
әлеуметтік төлемдi тағайындау (немесе тағайындаудан бас
тарту) туралы
200__ ж. "___" _________ N ___ Шешімі
1. "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бабына сәйкес тағайындалсын:
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған жылы ________________________ жынысы ______________________
(күнi, айы, жылы) (әйел, ер адам)
Мекен-жайы (нақты) ________________________________________________
Жеке басының куәлігі N ________ "___" _____________ 200_ ж.
Кім бердi _________________________________________________________
Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
Салық төлеушінің тiркеу нөмерi (CTH) ________________
Өтініш берген күні: |_|_|_|_|_|_|_|_|
Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне 200_ ж. "___" _________
Жалпы қатысу стажы _______ жыл _______ ай ____күн
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ______________________________
(төлем түрi көрсетілсін)
200__ ж. "__" ________ бастап 200_ ж. "____" ________ қоса алғанда
______________________________________________________ сомасында
(сомасы цифрмен және жазумен)
2. _________________________________________________________
(себебi көрсетілсiн)
_______ себебi бойынша әлеуметтiк төлем тағайындаудан бас тартылcын
М.О. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі аумақтық департаментiнiң директоры
____________________________________ (Т.А.Ә.)
Орындаушы _________________________ (Т.А.Ә.)
M.O. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты)