Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің ғимаратын сейсмикаға қарсы нығайту және қайта жаңарту үшін 156282550 (бір жүз елу алты миллион екі жүз сексен екі мың бес жүз елу) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2004 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі