Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 811 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.08. N 523 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
      1-2. Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады