Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу және "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбiр баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу және "Арал
өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының кейбiр баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп тану туралы
1-бап. "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 21, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат, N 23, 924-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 13-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
2) 15 және 16-баптардың 1), 2), 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
3) 17-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
4) 18-баптың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
2-бап. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбiр баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 924-құжат; 2003 ж., N 1-2, 12-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті