Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 308 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 822 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.25. N 264 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 308 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Досаев                     - Қазақстан Республикасының
      Ерболат Асқарбекұлы          Денсаулық сақтау министрі

      Есбосынова                 - Қазақстан Республикасының
      Светлана Бағытқызы           Білім және ғылым министрлігі
                                   Орта білім департаментінің
                                   директоры, хатшы;

      көрсетілген құрамнан: Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Шер Раиса Петровна, Рахметов Қайрат Мырзаханұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады