Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 828 қаулысына
қосымша
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі, төраға
Қосдәулетов Дулат - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Рашитұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағұлов - Әдiлет министрлігі Заңнама
Ерлан Әскерұлы Департаментінің директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi
Мамырбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Рахымбек Нұрмұхаметұлы орынбасары (келісім бойынша)
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Бекжанов - Қазақстан Республикасының Парламенті
Берік Айдарбекұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Райымбеков - Қазақстан Республикасының Жер
Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Сүлейменов - Қазақ гуманитарлық заң университетi жеке
Майдан Күнтуарұлы құқық ғылыми-зерттеу институтының
директоры (келiсiм бойынша)
Жекебаев - Қазақ гуманитарлық заң университеті
Шыңғыс Ұзыкенұлы азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының
меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
(келісім бойынша)
Стамқұлов - Қазақстан Республикасының
Үбайдолла Мырзағалиұлы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң
ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Уақпаев - Қазақстан Республикасының Парламенті
Марат Сұлтанұлы Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің
меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
(келісім бойынша)
Мороз - заң ғылымдарының докторы, профессор
Светлана Павловна (келісім бойынша)
Әкімбекова - заң ғылымдарының кандидаты
Саида Әмінқызы (келісім бойынша)
Идрышева - заң ғылымдарының кандидаты
Сара Қимәдиқызы (келісім бойынша)
Қыстаубай - заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Өмірбай Сайынұлы (келісім бойынша)
Башымов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Советұлы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссияның Сараптамалық-консультативтік
кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы және сауда вице-министрі
Нұғманов - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Тимур Ерсайынұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы дирекциясы заң
департаментінің директоры (келісім
бойынша)
Тәжияқов Бисенғали - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Шамғалиұлы
Әлімжанов - "Қазақстан Республикасының Заң
Сұлтан Дастанбекұлы шығару институты" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің құқықтық мониторинг,
қабылданатын нормативтік құқықтық
актілердің салдарын болжау және
жемқорлыққа қарсы сараптама басқармасының
бастығы (келісім бойынша)
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының
Нұрлығайым Шалданқызы Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша)
Уақпаев - Қазақстан Республикасының
Марат Сұлтанұлы Парламенті Сенатының Аппараты
сараптама бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы Қаржы вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Үкібаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы Республикалық ұланы
Қолбасшысының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Құрманғалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Әсет Қабиұлы Мәжілісіндегі "Нұр Отан" халықтық-
демократиялық партиясының фракциясы
аппаратының басшысы (келісім бойынша)
Дәулеталин - Қазақстан Республикасының
Сатыбалды Телағысұлы Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының
орынбасары (келісім бойынша)
Қасымов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ақылтай Ахметжанұлы азаматтық істер жөніндегі алқа
төрағасының міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкенқызы қорғау вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Байжанов - Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы
Ғабит Жақыпбайұлы барлау қызметі директорының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.02
N 89 , 2005.05.23 N 493 , 2005.11.25 N 1165 , 2006.03.15 N 172 ,
2006.09.07 N 846 , 2007.03.20 N 217 , 2007.10.05 N 905 , 2008.04.07
N 323 , 2008.06.16 N 587 , 2008.12.24 N 1248 , 2009.05.15. N 728 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 828 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметі жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қолданыстағы азаматтық заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi бойынша қажетті өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарау;
3) азаматтық заңнаманы жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныстар енгiзу;
4) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
4. Өзiнің мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен iс-әрекет жасауға;
2) азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
3) Комиссияның құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртіппен сұратуға және алуға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды даярлауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi.
8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың төртiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 қаулысымен.
9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгілейдi және нақтылайды.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия мүшелерiнің ерекше пікiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссия ұсыныстарын Комиссия атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Yкiметінің қарауына енгiзедi.
12. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшін ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.
13. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде өз жұмысын тоқтатады.