Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1203 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 836 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Астық жинау жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1203 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 2-тармақта:
      "жабық" деген сөз алынып тасталсын;

      бiрiншi абзацта:
      "олар" деген сөз "628 (алты жүз жиырма сегiз) "Джон Дир" астық жинау комбайндары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бағамен," деген сөзден кейiн "2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндары (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) осы қаулының 2-2 тармағына сәйкес анықталатын бағамен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "заңнамада белгіленген тәртiппен 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндары (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) аукцион нысанында өткiзiлетін конкурстық сауда-саттықта сатылсын.";

      2) 2-2 тармақ "барабар" деген сөзден кейiн ", ал iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарының (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) құны қосылған құн салығы мен аукциондық сату алымын шегере отырып, конкурстық сауда-саттықта комбайндарды сатудан түскен сомаға барабар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-3. Осы қаулының 2 және 2-2-тармақтарында көрсетілген "Джон Дир" астық жинау комбайндарының құны несиенi ақшалай баламада көрсету мақсатында белгiлендi.
      2-4. Қосылған құн салығы мен аукциондық сату алымын шегере отырып, 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатудан түскен сома "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамының шотына 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатудан түскен соманы есепке алу сәтiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде несие бойынша өтеу ретiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алынуға тиiс".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесіп, "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамымен келiсiм бойынша несие сомасын тиiсті түзету бөлiгiнде тауарлы несие түрiнде 630 (алты жүз отыз) "Джон Дир" астық жинау комбайндарын "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамына берудi реттеушi несиелiк келiсiмге өзгерiстер енгiзсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады