Астық жинау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1203 Қаулысы

       ЕСКЕРТУ. Қаулының мәтіні және қосымшасы сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1270  қаулысымен

      1999 жылдың астық жинау науқанын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы "Атқару өндiрiсi және соттардың мәртебесi туралы"  Заңының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақмола, Алматы, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi бiр апта мерзiмде: 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Кең дала акционерлiк қоғамына азаматтық iс жөнiндегі талап-арызы бойынша 1999 жылдың 9 тамызында Алматы қалалық соты айқындауының негiзiнде тұтқындалған 630 (алты жүз отыз) "Джон-Дир" астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) қосымшаға сәйкес схема бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен сақтауға қабылдауды қамтамасыз етсiн;<*> 
      сақтау шартында тұтқындалған мүлiктердi сақтау және сақтауда тұрған астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) құндылығына залал келтiрмей 1999 жылғы астық жинау науқанында, оның iшiнде аталған облыстардың жеке және заңды тұлғаларына қызмет көрсету жолымен пайдалану құқығы үшiн өздерiнiң жауапкершiлiгі туралы жағдайларды қарастырсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келiсе отырып, 1999 жылғы 16 тамыздағы азаматтық iс бойынша Алматы қалалық сотының шешiмiн атқару бойынша атқару өндiрiсi аяқталған соң және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген "Джон Дир" астық жинау комбайндарының (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) меншiк құқығын алу кезiнде 628 (алты жүз жиырма сегiз) "Джон Дир" астық жинау комбайндары бір жиынтық үшін 75000 (жетпіс бес мың) АҚШ долларына барабар бағамен, 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндары (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) осы қаулының 2-2 тармағына сәйкес анықталатын бағамен тауар түріндегі несие ретінде 7 (жеті) жыл мерзімге және 1 (бір) процент жылдық сыйақы (мүдде) ставкасымен "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына берілсін, оған: <*>
      комбайндарды заңдарда белгіленген тәртiппен жоғарыда аталған облыстардың әкiмдерiне осы облыстардың жергiлiктi бюджеттерiнiң лимиттерi шегiнде жетi жыл мерзiмге лизинг берудi қамтамасыз етсiн;<*> 
      банк кепiлдемесi болған кезiнде жоғарыда көрсетiлген облыс әкiмдерi талап етпеген астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары), осы әкiмдердiң ұсынымдарымен заңды тұлғаларға заңдарда белгiленген тәртiппен лизингке беру үшiн пайдалансын. <*> 
      Джон Дир" астық жинау комбайндары лизингке талап етілмеген жағдайда, "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы көрсетілген комбайндармен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қызмет көрсетуді ақылы түрде жүргізсін. <*>
      заңнамада белгіленген тәртiппен 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндары (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) аукцион нысанында өткiзiлетін конкурстық сауда-саттықта сатылсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966  қаулысымен
      2-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп 2000 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде республикалық бюджеттің "Кең дала" ашық акционерлік қоғамы үшін шеккен шығындарын өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар енгізсін.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966  қаулысымен

      2-2. "Джон Дир" астық жинау комбайндарының құны десте жинауышсыз 70 000(жетпіс мың) АҚШ долларына барабар, ал iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарының (жаткаларсыз, подборщиктерсiз және олардың iлеспе материалдарынсыз) құны қосылған құн салығы мен аукциондық сату алымын шегере отырып, конкурстық сауда-саттықта комбайндарды сатудан түскен сомаға барабар деп белгіленсін.<*>
      2-3. Осы қаулының 2 және 2-2-тармақтарында көрсетілген "Джон Дир" астық жинау комбайндарының құны несиенi ақшалай баламада көрсету мақсатында белгiлендi. <*>
      2-4. Қосылған құн салығы мен аукциондық сату алымын шегере отырып, 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатудан түскен сома "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамының шотына 2 (екi) iстен шыққан "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатудан түскен соманы есепке алу сәтiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде несие бойынша өтеу ретiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алынуға тиiс. <*>
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966  қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді және жаңа 2-3, 2-4-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.11. N 836  қаулысымен

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1999жылғы 19 тамыздағы  
N 1203 қаулысына     
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Кең дала"
акционерлiк қоғамына талап-арызы бойынша азаматтық iс жөнiнде
1999 жылдың 9 тамызында Алматы қалалық соты шығарған
айқындаманың негізiнде тұтқындалған "Джон-Дир" астық жинау
комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және
оның ілеспе материалдары) сақтауға берудiң
Схемасы

      1. Облыстардың әкiмдерi "Джон-Дир" астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) сақтауға мынадай санда қабылдайды:

      Ақмола облысының әкiмi - 110 (жүз он) комбайн;
      Алматы облысының әкiмi - 15 (он бес) комбайн;
      Қостанай облысының әкiмi - 237 (екi жүз отыз жетi) комбайн;
      Солтүстiк-Қазақстан облысының әкiмi - 268 (екi жүз алпыс сегiз) комбайн;

      2. 1-тармақты орындау үшiн орналасқан аумақтан:

      Алматы облысынан 55 (елу бес) "Джон-Дир" астық жинау комбайнынан (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) 40 (қырық) комбайн Ақмола облысына берiледi.
      Солтүстiк Қазақстан облысынан 298 (екi жүз тоқсан сегiз) "Джон-Дир" астық жинау комбайнынан (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) 30 (отыз) комбайн Қостанай облысына берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады