Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 843 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ГМ - 172/10 мекемесi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте "Тергеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мынадай мемлекеттiк мекемелерi таратылсын:
      1) ЕЦ - 166/20 мекемесi;
      2) ОВ - 156/12 мекемесi;
      3) ГМ - 172/7 мекемесi.

      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
      1) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат санының лимиттерi шегiнде Мекеменiң штат санын белгiлесiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтілген "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      "ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 41-жолдың 2) тармақшасындағы "Iс-шаралар" деген бағандағы "ГM-172/7" деген сөздер алынып тасталсын.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады