Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 866 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29. N 1369 (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29  N 1369  (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 19 тамыздағы 
N 866 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi

      Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне мыналар жатады:
      1) елдi мекендерде ұсынылатын тiркелген телефон байланысының (жергiлiктi, iшкi аймақтық және қалааралық) қызметтерi:
      тұрғындар саны 500-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы*;
      тұрғындар саны 200-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы**;
      тұрғындар саны 1000-нан 3000-ға дейiн - аралас (ұжымдық***/жеке)**** қол жетiмділiктi ұйымдастыру;
      тұрғындар саны 3000-нан астам - аралас (жеке/ұжымдық)***** қол жетiмдiліктi ұйымдастыру;
      2) тұрғындар саны 3000-нан астам адам бар елдi мекендерде Интернетке ұжымдық қол жеткiзу қызметтерi;
      3) "жай" және "шұғыл" санаттағы жеткiзудiң нормаланған мерзiмi бар жеделхаттарды жеткiзудi қоса алғанда, телеграфтық байланыс қызметтерi.

      Ескерту
      * - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткенге дейiн.
      ** - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткеннен кейiн.
      *** - телекоммуникациялардың қызметтерiне ұжымдық қол жеткiзу мынадай жолмен iске асырылады:
      әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (қалааралық және халықаралық телефон қосылымдарын жүзеге асыру мүмкiндiгi) таксофондар орнату факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар тiркелген қосылымдар арқылы (жергiлiктi, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілерiмен автоматты тәсiлмен немесе телефонистiң көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн ұсынатын ұжымдық пайдалану пункттерiн ұйымдастыру;
      факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар, деректер тарату қызметтерi, Интернет желiсiне қол жеткiзу, алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын қызметтердi тiркелген қосылымдар арқылы (жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен автоматты түрде немесе телефонистің көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн көрсететін телекоммуникация қызметтерiне қол жеткiзу орталықтарын ұйымдастыру;
      **** - ұжымдық/жеке қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне ұжымдық қол жетiмдiлік артықшылығы;
      ***** - жеке/ұжымдық қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне жеке қол жетiмділiк артықшылығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады