Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 867 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ "негiзiнде" деген сөздің алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары";
      2) 2-тармақ "бекiтiлсiн" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес";
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде:
      G санаты тобында:
      "G-1" санаты ", сауда өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "G-2" санаты ", сауда өкiлiнiң орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы    
N 867 қаулысына        
қосымша             

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы   
N 41 қаулысына       
23-қосымша          

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларының
Схемасы

___________________________________________________________________
           Лауазымы                    |   Лауазымдық жалақы
                                       |    АҚШ долларымен
_______________________________________|___________________________
Сауда өкілі                                    2700

Сауда өкілінің орынбасары                      2500

Кеңесші                                        2250

Жоғарғы санат біліктілігінің жоғарғы
деңгейлі бухгалтері                            1500

Бірінші санат біліктілігінің жоғарғы
деңгейлі маманы                                1500
___________________________________________________________________

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады