Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 878 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      "Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 20 тамыздағы
N 878 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы epeжeci

      Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының (бұдан әрi - Қор) қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруының тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шарт – Қор мен сенімгерлік басқарушының арасындағы қатынастарды белгілейтін және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқарудың талаптары мен тәртібін айқындайтын шарт;

      2) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, шарттары мен шектеулерін, хеджирлеу талаптарын айқындайтын құжат;

      3) инвестициялық кіріс – Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;

      4) қаржы құралдары – бағалы қағаздар және қаржы нарығының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi.

      5) сенiмгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;

      6) сенiмгерлiк басқару – сенiмгерлік басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiнде басқару жөнiндегi қызметi (бұдан әрi – Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қор қаржы құралдарымен байланысты инвестициялық қызметтi Қордың активтерiн сенiмгер басқарушы арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.

      3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Сенімгер басқарушы инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның, ақшаны және бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады және Қордың активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес қаржы құралдарына орналастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Сенiмгер басқарушы ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi операцияларды жасау үшiн Қорға банктiк шот пен инвестициялық кiрiстiң, сенiмгерлiкпен басқаруға берілген активтердiң есебiнен сатып алынған, орналастырылған депозиттер мен бағалы қағаздардың есебi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде теңгерiмнен тыс шоттарды ашады.

      6. Есеп жүйесiн жүргiзудiң және оны өзектi ұстап тұрудың шарттары мен тәртiбiн сенiмгер басқарушы белгілейдi.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады