"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Iзет" фирмасы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі "Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы N 862 қаулысында көзделген қаражат шегiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудің ақпараттық жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және әзiрлеу үшін маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi беруші болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі