Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 963 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүліктік жалға беру ережесiнде:
      мемлекеттік тілдегi мәтінде 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "жағдайларын қоспағанда, тендерлік негiзде жүргiзiледi." деген сөздердiң алдынан ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер өткiзетiн мүлiктiк жалға алу жөнiндегi қызметтердi сатып алуға арналған конкурстарға қатысу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады