Жек дуадақтарды аулауды жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 982 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңының  15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылғы 23 қыркүйек - 31 желтоқсан кезеңiнде өзiнiң сұңқарларымен жек дуадақтарды сұңқармен аулауды жүргiзуге мыналарға рұқсат берілсiн:
      1) шейх Халифа Бин Заидқа (Бiрiккен Apaб Әмiрлiктерi) шаруашылық қызметтiң реттелетiн режиміндегі республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Оңтүстiк Қазақстан облысында 30 дарақ жек дуадақты;
      2) шейх Сурур Бин Мұхаммадқа (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) шаруашылық қызметтің реттелетін режиміндегі республикалық маңызы бар Кендiрлi-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Маңғыстау облысында 15 дарақ жек дуадақты;
      3) бекзада Абдель Азиз Бин Ахмед Бин Абдель-Азиз Әл Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдiгi) шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимiндегi республикалық маңызы бар Жусанды дала мемлекеттiк қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Алматы және Жамбыл облыстарында 25 дарақ жек дуадақты.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      1) белгіленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген адамдарға жек дуадақтарды өз сұңқарларымен аулауға рұқсат берсiн;
      2) сұңқар салуды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнің жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
      3) "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны көрсетiлген Ереженiң 8-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Зоология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнымен бiрлесiп, оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдiк азаматтармен шарттық негiзде жек дуадақтың өсiмiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, сұңқар салу аңшылығы жүргiзiлетiн жерлерде жоғары мәртебелi қонақтар мен олардың қызметкерлерi топтарын күзетудi және бiрге жүрудi ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкiмшiлiк органы сұңқар салу аңшылығы үшiн жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетудi Жойылып кету қаупi төнген жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып, қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi көрсетiлген iс-шараларды ұйымдастыруда қажетті көмек көрсетсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады