Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Келiмбетов Қайрат Нематұлы,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі