Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 996 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-жолмен толықтырылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады