"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1006 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасының
Заңы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; 2004 ж., N 10, 54-құжат; 2004 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі  Заңы) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау және валюталық операцияларды лицензиялау
      Лицензиялауға:
      1) бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету;
      2) валюталық операцияларды жүзеге асыру жатады.";
      15-баптың бесiншi бөлiгiнде "валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды" деген сөздер "валюталық құндылықтарды пайдалануға және валюталық операцияларды жүргiзуге байланысты қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-баптың 1-тармағының екiнші бөлігінде "және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты жасалатын операцияларды" деген сөздер ", валюталық құндылықтарды және валюталық операцияларды пайдалануға байланысты қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады