Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы Сауда үйлерiнiң және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiнiң мекемелерi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1023 Қаулысы

(Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда үйлерiнiң және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiнiң мекемелерi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда үйлерiнiң және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiнiң мекемелерi туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Сауда үйлерiнiң және тұрақты жұмыс істейтiн Көрме кешендерiнiң мекемелерi туралы келiсiм

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкіметi,
      өзара мүдделер мен тең заңды құқықтар негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және кеңейту үшiн
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Сауда үйiн және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешенiн Иран Ислам Республикасында және Иран Ислам Республикасының Сауда үйiн және тұрақты жұмыс істейтiн Көрме кешенiн Қазақстан Республикасында құрады.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар бiр-бiрiне Сауда үйлерiн және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiн салу үшiн жер учаскелерiн бередi немесе ғимараттарды (үй-жайларды) жалға бередi.
      3. Сауда үйлерiнiң және Көрме кешендерiнiң мекемелерi үшiн жер учаскелерiн немесе ғимараттарды (үй-жайларды) берудiң шарттары мен тәртiбi Тараптар арасында жеке Келісiм жасасу жолымен келiсiлгеннен кейiн айқындалатын болады.

  2-бап

      Сауда үйлерiн және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiн құру мақсатында Тараптар бiр-бiрiне мыналар арқылы жәрдемдесетiн және ынтымақтасатын болады:
      Тараптар мемлекеттерiнде сауда қызметiн реттейтiн өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамалары, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жөнiндегi ережелер мен нормалар туралы ақпарат алмасады;
      Сауда үйлерi және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерi үшiн лайықты аумақ таңдауда жәрдемдеседi;
      Сауда үйлерi және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерi аумақтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

  3-бап

      Сауда үйлерi арқылы сату үшiн және тұрақты жұмыс iстейтiн Көрме кешендерiнде көрмелер ұйымдастыру үшiн импортталатын барлық тауарлар Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында өндiрiлуi тиiс.

  4-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешетiн болады.

  5-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы хаттамалар осы Келiсiмнiң 6-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

  6-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және белгіленбеген мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм Тараптардың бipeуi екiншi Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды.

      Хиджра бойынша 1383 жылға "___" ______ сәйкес келетiн 2004 жылғы "___" ______, _______ қаласында, әрқайсысы қазақ, парсы, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтіндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының    Иран Ислам Республикасының
      Үкіметі үшін                 Yкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады