Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Ленинск сынақ полигонында құрлықаралық баллистикалық зымырандардың жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлерде және "Байқоңыр" кешенiнiң Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнында жер учаскiлерiн қалпына келтiру туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1038 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ленинск сынақ полигонында құрлықаралық баллистикалық зымырандардың жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлерде және "Байқоңыр" кешенiнiң Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнында жер учаскiлерiн қалпына келтiру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi Айткүл Байғазықызы Самақоваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Ленинск сынақ полигонында құрлықаралық баллистикалық зымырандардың жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлерiнде және "Байқоңыр" кешенiнiң Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнында жер учаскiлерiн қалпына келтiру туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкіметі арасындағы Ленинск сынақ полигонында құрлықаралық баллистикалық зымырандардың жойылатын шахталық іске қосу қондырғылары орналасқан жерлерде және "Байқоңыр" кешенiнiң Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру орнында жер учаскiлерiн қалпына келтiру туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы  шартты және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келiсiмнiң және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру  шартының (бұдан әрi - "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты) ережелерiн назарға ала отырып,
      1991 жылғы 31 шiлдедегi Кеңестiк Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы шарт (бұдан әрi - ШҚШ туралы шарт) пен оның 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда қол қойылған хаттамасы бойынша өз мiндеттемелерiн негiзге ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң күшi РС-18 құрлықаралық баллистикалық зымырандардың (ҚБЗ) екi шахталық iске қосу қондырғыларына, РС-20 ҚБЗ төрт шахталық iске қосу қондырғыларына және Ленинск сынақ полигонында сынақтар жүргiзуге арналған тиiстi жабдыққа, сондай-ақ ҚБЗ немесе су асты кемелерiнiң баллистикалық зымырандарын ұстаған екi шахталық iске қосу қондырғыларына қолданылады не "Байқоңыр" кешенi Ленинск-1 ғарыш объектiлерiн ұшыру жерiнде оларды ұшыру үшін пайдаланылады.

  2-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларын жоюды оларды тағайындалуы бойынша пайдалану аяқталғаннан кейiн қайта жабдықтауды немесе ШҚШ туралы шарттың қолданысына жатқызылатын заттарды жоюды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттамаға сәйкес Ресей Тарабы жүзеге асырады.
      ҚБЗ жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлердегi (ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларының бастарын жарғаннан кейiн) жер учаскелерiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiмен байланысты жұмыстарды көрсетiлген жұмыстарды қаржыландыру мәселесiн шешетiн Ресей Тарабы жүзеге асырады.
      ҚБЗ жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлерде жер учаскелерiн қалпына келтiру жойғаннан кейiн қалған қалдықтарды жоюды немесе көмудi, қажет болған жағдайда, ластанған учаскелерге бейтараптандыру жүргiзудi, ҚБЗ жойылатын шахталық iске қосу қондырғыларының жер учаскелерiндегi табиғи ландшафты қалпына келтiрудi қамтиды.
      ҚБЗ жойылатын шахталық iске қосу қондырғылары орналасқан жерлердегi жер учаскелерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстардың жобасын ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларын жарғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органы өкiлдерiнiң қатысуымен Ресей Тарабының уәкiлеттi органы әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы бекiтедi және Қазақстан Республикасының мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптауына жатады.
      Жобаны iске асыру Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiлгеннен кейiн және Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының бақылауымен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.

  3-бап

      Осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған ҚБЗ жойылатын шахталық iске қосу қондырғыларын "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлетiн объектiлерiнiң құрамынан шығару олар орналасқан орындардағы жер учаскелерiне қалпына келтiру жүргiзiлгеннен кейiн "Байқоңыр" кешенiн жалға беру  шартына сәйкес жүргiзiледi.

  4-бап

      Материалдық-техникалық құралдарды, оның iшiнде осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларын жою және қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi жарылғыш заттарды Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкетудi "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартына және "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi өзге де келiсiмдерге сәйкес Ресей Тарабы жүзеге асырады.

  5-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегi қызметтi ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларын жою жөнiндегi жұмыс тiкелей басталғанға дейiн айқындалатын Тараптар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Тараптар бiрiн-бiрi осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау жөнiндегi өз уәкiлеттi органдары туралы дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.

  6-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын барлық келiспеушiлiктер консультациялар және келiссөздер жолымен Уәкiлеттi тараптардың мемлекеттiк органдарының шешуiне жатады.
      Тараптар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар олар бойынша келiсiмдi шешiм қабылдамаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi бойынша кiшi комиссияның қарауына шығарылады.

  7-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың ол күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және осы Келiсiмнiң 1-бабында аталған ҚБЗ шахталық iске қосу қондырғыларының соңғысы жалға берiлгендердiң құрамынан шығарылу сәтiне дейiн қолданылады.

      2004 жылғы "__" ________ ______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады