Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын өтеу үшiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1039 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 451 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 451 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын өтеу үшiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнің құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 7 қазандағы
N 1039 қаулысымен  
бекiтiлген      

Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң құнын субсидиялау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және ауыл халқына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындарын өтеу үшiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң құнын субсидиялау тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Субсидиялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын шығындарды өтеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауылдық жерлерде халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларына арналған.
      3. Субсидиялар халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн ұсынатын байланыс операторларына, егер ол конкурс нәтижелерiмен немесе осы аумақтағы ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiнiң басым операторына байланыстың әмбебап қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттемелерді жүктеу шарттарымен анықталған болса төленеді.
      4. Егер қызмет түрлері, көрсетілетін байланыс қызметтерi және осы қызметтердi көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желiсi бөлiгi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлектеп есепке алуды жүзеге асыру (бұдан әрi - бөлектеп есепке алу) мүмкін болмаған жағдайда, әмбебап қызмет көрсететiн операторларға төленетiн субсидиялардың мөлшерi конкурс нәтижелерiмен анықталады.
      5. Егер конкурс нәтижесi бойынша субсидиялар алатын әмбебап қызмет көрсететiн оператор бөлектеп есепке алуды жүргiзсе, онда субсидиялар мөлшерi, бөлектеп есепке алу деректерiн есепке ала отырып, ол ұтып алған өтiнiмдегi субсидиялар мөлшерiнен аспайтындай етiп белгiленедi.
      6. Басым байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн ұсыну жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу кезiнде субсидиялар мөлшерi ол конкурста мәлiмдеген сома мөлшерiнде анықталады.
      7. Бөлектеп есепке алу кезінде конкурс нәтижесi және субсидиялар мөлшерi конкурсқа қатысатын байланыс операторларының бөлектеп есепке алу деректерiн ескере отырып анықталады.
      8. Егер басым оператор конкурсқа қатысуға өтiнiм бермесе және байланыстың әмбебап қызметтерін ұсыну жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу шарттары бойынша әмбебап қызмет көрсету операторы болып танылса, онда өтемақы мөлшерi:
      бөлектеп есепке алу болмаған жағдайда - осы аумақ үшiн субсидиялардың ең көп мөлшерiнде;
      бөлектеп есепке алу болған жағдайда - бөлектеп есепке алу нәтижелерiн ескере отырып, бұл кезде субсидиялар мөлшерi аталған аумақ үшiн субсидиялардың ең көп мөлшерiнен аспайтын етіп белгiленедi.

2. Халыққа телекоммуникацияның әмбебап
қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларына
субсидияларды төлеу тәртiбi

      9. Субсидиялар конкурс нәтижесi бойынша байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен жасалатын шарт негiзiнде немесе басым байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн ұсыну жөнiндегi мiндеттемелердi жүктеу шарттарымен және халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететiн байланыс операторының байланыс саласындағы уәкiлеттi органға есептi тоқсанның соңғы айының 15-күнiне дейiн ұсынған шот негiзінде халыққа нақты көрсетiлетiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi үшiн төленеді.
      10. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган есептi тоқсанның соңғы айының 20-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органына 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар төлеу үшiн әмбебап қызмет көрсететiн оператордың кiрiстерi мен шығыстары туралы ведомость және ақы төлеу шотын ұсынады.
      11. Байланыс операторы байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тоқсан сайын 2-қосымшаға сәйкес есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 30-күнiне дейiн әмбебап қызмет көрсететiн оператордың кiрiстерi мен шығыстары туралы жиынтық ведомость ұсынады.
      12. Ұсынылған ведомостарды байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тексергеннен кейін есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде байланыс операторына тексеріс нәтижесi туралы хабарлама және субсидиялар төлеу үшiн, төртiншi тоқсанды қоспағанда, келесi есептi кезең үшін келесi шоттарды дұрыстау қажеттiлiгiн ұсынады.

Халыққа телекоммуникацияның әмбебап
қызметтерiн көрсететiн байланыс 
операторларының шығындарын өтеу үшiн
телекоммуникацияның әмбебап    
қызметтерiнiң құнын субсидиялау 
ережесiне            
1-қосымша            

_____ бастап ______ ж. есептi кезең (тоқсан) үшiн әмбебап қызмет көрсететiн оператордың кiрiстерi мен шығыстары туралы ведомость

____________________________________________________________________
Шарт нөмiрi|Факт бойынша|Лот бойынша|1 абонент үшiн| Субсидиялардың
және күнi  |   ауылдық  |  ауылдық  |   субсидия   |  жалпы сомасы
           | абоненттер |абоненттер |    мөлшерi   |
           | (ОТА) саны |(ОТА) саны |              |
____________________________________________________________________
     1     |      2     |     3     |       4      |     5=3x4
____________________________________________________________________

      Осымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 тамыздағы N 866 қаулысымен бекiтiлген Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiнiң тiзбесiне және "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысымен бекiтiлген тарифтерге сәйкес байланыс операторы аталған абоненттер санына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiнiн растайды.

      Оператор ________________    Уәкiлеттi орган ________________

Уәкiлетті тұлғаның Т.А.Ә. _____    Уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә._______
                          қолы                                қолы
М.Ө.                                M.Ө.

Халыққа телекоммуникацияның әмбебап
қызметтерiн көрсететiн байланыс 
операторларының шығындарын өтеу үшiн
телекоммуникацияның әмбебап    
қызметтерiнiң құнын субсидиялау 
ережесiне            
2-қосымша            

_____ бастап ______ ______ ж. дейінгі кезең үшін әмбебап қызметтер көрсететiн оператордың кiрiстерi мен шығыстары туралы ведомость __________

____________________________________________________________________
Шарт. |Опера.|Абонент.| Жеке пайдаланудағы  |  Жеке пайдаланудағы
тың   |тордың|  тер   |  абоненттік терми.  |  абоненттік терминал.
нөмірі|жұмыс | саны   |  налдан жергілікті  |  дан ішкі аймақтық
мен   |өңірі |        |   ауылдық телефон   |     және қалааралық
күні  |      |        |    байланысының     |  телефон байланысының
      |      |        |тіркелген қызметтері |  тіркелген қызметтері
      |      |        |_____________________|_______________________
      |      |        |тариф.|кіріс. |шығыс.|тариф.|кіріс. |шығыс.
      |      |        |тер   |тер    | тар* |тер   |тер    | тар*
______|______|________|______|_______|______|______|_______|________
      |      |        |теңге.|теңге. |теңге.|теңге.|теңге. |теңге.
      |      |        |мен   | мен   | мен  |мен   | мен   | мен
      |      |        |      |(ҚҚС   |      |      | (ҚҚС  |
      |      |        |      |қоспай)|      |      |қоспай)|
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_____________________________________________________
Телеграфтық байланыс | Қазақстан Интернеті |        |
   қызметтері***     |                     |        |
_____________________|_____________________|Субсидия|
тариф.|кіріс. |шығыс.|тариф.|кіріс. |шығыс.|сомасы**|
тер   |тер    | тар* |тер   |тер    | тар* |        |
______|_______|______|______|_______|______|        |
теңге.|теңге. |теңге.|теңге.|теңге. |теңге.|        |
мен   | мен   | мен  |мен   | мен   | мен  |        |
      |(ҚҚС   |      |      |(ҚҚС   |      |        |
      |қоспай)|      |      |қоспай)|      |        |
_____________________________________________________

Оператор ________________         Уәкiлеттi орган ________________

Уәкiлетті тұлғаның Т.А.Ә. _____   Уәкiлеттi тұлғаның Т.А.Ә._______
                          қолы                               қолы
М.Ө.                                M.Ө.

      Ескертпе:
      *) Қызмет түрлері бойынша кірістер пен шығыстарды бөлек есептеуді енгізгенге дейін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін оператордың шығыстары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12.06.N 155-ОД бұйрығына сәйкес есеп-айырысу жолымен айқындалады.
      **) Субсидиялау сомасына Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес, телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен шығыстардың кірістерден асатын сомасы енгізіледі.
      ***) Қазақстан Республикасы бойынша телеграммаларды жөнелту және жеткізу жөніндегі шығыстар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады