Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қазандағы N 1051 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы" 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгізілетін өзгерiстер бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің      
2004 жылғы 14 қазандағы
N 1051 қаулысымен  
бекiтiлсiн     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 20-жол алынып тасталсын.

      3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  311-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "экспонаттарға арналған витриналар - 100 бiрлiк;", "жарық бepу құралдары - 150 дана;", "арнайы витриналар - 100 дана;" деген жолдар алынып тасталсын;
      "экспонаттар - 2537" деген жолда "2537" деген сандар "1088" деген сандармен ауыстырылсын.

      4. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта:
      01 "Мәдениет саласындағы қызмет" деген iшкi функцияда:
      235 "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігi" деген әкімші бойынша:
      003 "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" деген бағдарламада "480219" деген сандар "469734" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 101 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгі" деген әкiмшiмен және 004 бағдарламамен толықтырылсын:
      "101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi   10485;
      004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау                 10485".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады