Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1055 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Richards Butler" компаниясы "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлік қоғамының кредиторлары "MTP Металз" және "МеталзРуссия" компанияларымен дауда Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн көрсетудi берушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген компаниямен заң қызметтерiн көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн көрсетудi мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4 тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлейтiн күнге белгiлеген бағам бойынша "Richards Butler" компаниясының заң қызметтерiн көрсетуiне ақы төлеу үшiн 150000 (жүз елу мың) АҚШ долларына және 50000 (елу мың) ағылшын фунт стерлингiне баламалы сомада ақша қаражаты бөлiнсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады