Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1058 қаулысы

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 6, 62-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспеде "Aca маңызды" деген сөздердiң алдынан "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңын және";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiнде:
      1-тармақта:
      "айқындайды және" деген сөздерден кейiн "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру мақсатында," деген сөздермен толықтырылсын;
      "1994 жылғы 8 шiлдедегi" деген сөздер "2002 жылғы 4 желтоқсандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сауда рыногы - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметіне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарының тұрағы үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүліктік кешен.";
      жетіншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiнші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сауда қызметi - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметi.
      Тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнiмi.
      Дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшілiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгі.
      Дүңгіршек - сауда залы жоқ, арнайы бөлiнген жер учаскесiне орнатылған сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.
      Шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалған, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлінген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс.";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы.
      Жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны.
      Көтерме сауда - кейіннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй-ішiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
      Бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшiн сату жөнiндегi кәсіпкерлік қызмет.
      Сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы.";
      6-тармақта:
      он екiншi абзацта "жабық емес" деген сөздер "шағын рынок" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аралас" деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "санаттары бойынша:
      I санат;
      II санат;
      III санат.
      Рыноктардың санаттарын осы Ережеге 1-қосымшаның талаптарына сәйкес сауда саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар бередi.";
      13-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      19-тармақ 10) тармақшасының үшiншi абзацында "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн ""Сауда қызметiн реттеу туралы"," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Рынок әкiмшiлiгiнiң жауапкершiлiгі" деген 4-тарау және 22, 23-тармақтар алынып тасталсын;
      24-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген тәртiппен уәкiлетті мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 24-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "24-1. Рыноктың басшысы уәкiлетті органдардың лауазымды тұлғаларына тексерiс жүргізуде жәрдем көрсетедi және осындай тексерiстiң барысында айқындалған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды қабылдайды.
      24-2. Жүзеге асырылған тексерiс нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде бақылаушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
      24-3. Меншiк иесi және/немесе басшы, рынок қызметкерлерi осы Ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауап бередi.";
      24-тармақтың екiншi абзацы 24-4-тармақ болып саналсын;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Рыноктарда ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу мiндетті болып табылады. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізбей сатуға тыйым салынады.";
      Ережеге 1-қосымшада:
      тақырыбы "үлгiлерiне" деген сөзден кейiн "және санаттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Жабық сауда рыногы" деген бөлiм "(І санат)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Аралас сауда рыногы" деген бөлiм "(ІІ санат)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Жабық емес сауда рыногы (шағын рынок)" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "Шағын рынок (ІІІ санат)".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады