Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қазандағы N 1072 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Siemens AG компаниясы Астана қаласының пилоттық аймағында мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай мультисервистiк (көлiктiк) ортаны құру жөнiндегi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 236477000 (екi жүз отыз алты миллион төрт жүз жетпiс жетi мың) теңге сомасында 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттiк қаржының бiрiктiрілген ақпараттық жүйесiн құру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
      мемлекеттiк органдар үшiн құрылатын бiрыңғай мультисервистiк (көлiктiк) ортадағы ақпарат қауiпсiздiгi жөнiндегi арнайы талаптардың сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады