"Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1078 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 сәуiрдегі Кеден   кодексiне(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; N 18, 106-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) 8-баптың тақырыбы мен 1 және 2-тармақтарындағы "және Қазақстан Республикасынан әкету" деген сөздер ", Қазақстан Республикасынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 14-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шартты түрде жiберiлген тауарлардың шетелдiк тауарлар мәртебесi болады.";
      3) 24-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгі алынып тасталсын;
      4) 42-баптың 4-тармағындағы "қабылданған" деген сөз "тiркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 53-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      6) 54-баптың 2-тармағындағы "өту" деген сөз "өтуге" деген сөзбен ауыстырылсын, "тауарлар" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 55-бабына сәйкес айқындалатын өткiзу пункттерiнде, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс iстеу уақытында рұқсат етiледi және бұл" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қажет.";
      8) 78-баптың 4-тармағындағы "көлiк құралы кеден органына келген" деген сөздер "кедендiк iлесіп алып жүру үшiн алым төленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 79-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мүдделi тұлғаның дәлелдi сұрау салуы бойынша кеден органы iшкi кедендiк транзиттің белгіленген мерзiмiн осы баптың бiрiншi бөлiгімен белгiленген мерзiмнiң шегiнде ұзартады.";
      10) 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тауарларды бiр көлiк құралынан екiншiсiне қайта тиеуге қызмет аймағында осы операция жүргiзiлетiн кеден органына алдын ала хабарлау арқылы жол берiледi. Тауарларды қайта тиеу кедендiк пломбалар және мөрлер бұзыла отырып жүзеге асырылған жағдайда тауарлардың жеткiзiлуiн бақылаудың жаңа құжаты ресiмделедi.";
      11) 86-бапта:
      1-тармақтағы "көлiк құрылының келгендiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша растама берiлген" деген сөздер "көлік құралы тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      бiрiншi бөлiктегi "және тасымалдаушыға нысанын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган белгiлейтiн көлiк құралының келгендiгі туралы жазбаша растама бередi. Кеден iсi саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда көлiк құралының келгендiгi туралы растаманы беру мерзiмi талқылау аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады." деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      3-тармақта "тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген жеткiзу орнында" деген сөздер "кедендiк бақылау аймағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 91-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кеден iсi саласындағы қылмыстық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар iстерi бойынша заттай айғақтар болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау соттың шешімi немесе iсті тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн жүзеге асырылады.";
      13) 122-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кеден органдары бiрдейлендiрген болуы тиiс.";
      14) 123-баптың 1-тармағындағы:
      бiрiншi абзацтағы "кеден органы қайтарады" деген сөздер "қайтарылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      15) 134-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кеден органын жазбаша нысанда алдын ала хабардар ету шартымен кеден қоймасындағы тауарларды иелiктен шығаруға, оларға қатысты иелік ету, пайдалану немесе билік ету құқықтарын беруге жол беріледi. Бұл ретте, тауарларға мүлiк құқықтарын алған тұлға осы Тарауда бұл тауарларға қатысты белгiленген талаптар мен шарттарды одан әрi сақтау жөнiнде жазбаша нысандағы міндеттемені кеден органына ұсынады. Тауарларға мүлік құқықтарын алған тұлға кеден органы көрсетiлген мiндеттеменi алған күннен кейiнгi күннен бастап осы Кодексте тауарларды кеден қоймасына орналастырған тұлғаға қатысты белгiленген құқықтарды пайдаланады және мiндеттілікте болады.";
      16) 137-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      17) 146-баптың 1-тармағындағы:
      "Бажсыз сауда дүкенi" деген сөздерден кейін "қазақстандық тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оның иесi" деген сөздер алынып тасталсын;
      18) 192-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелу" деген сөздер "тауарлар уақытша әкелу кедендiк режимiне орналастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 193-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жаңа кедендiк декларация уақытша әкелiнген тауарды пайдалану және (немесе) билiк ету, не иеліктен шығару құқықтары берiлген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірiлмей беріледi.";
      20) 210-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мынадай:
      егер сыртқы сауда мәмілесiнiң шарттары керi экспортты көздеген;
      тауарлар жеткiзушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға сыртқы экономикалық мәміленiң шарттарына сәйкес келмеу себептерi бойынша әкетілген жағдайларда, уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгілі бiр кедендiк режимге орналастырғанға дейiн әкетілген;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) егер:
      сыртқы сауда мәмілесінің шарттары керi экспортты көздеген;
      тауарлар жеткiзушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға сыртқы экономикалық мәмiленiң шарттарына сәйкес келмеу тұрғысында қайтарылған жағдайларда, бұрын кеден қоймасының, еркiн қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк режимдерiне орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.";
      2-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың 1-тармағы талаптарының сақталу шартымен, егер әкелiнген тауарлардың бөлiгі ғана керi әкетілген жағдайда да тауарларды тауарлардың керi экспортының кедендiк режимiне орналастыруға жол берiледi.";
      21) 212-баптың 2) тармақшасында "тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      22) 213-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасына әкелiнуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 223-баптың 3-тармағындағы "Жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды кедендiк ресiмдеу тәртібiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган белгiлейдi." деген сөздер алынып тасталсын;
      24) 225-бапта "баждарды" деген сөз "төлемдердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      25) 228-бап алынып тасталсын;
      26) 252-бап "экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 264-баптың 3-тармағындағы:
      "жұмысының аяқталуына орай," деген сөздерден кейiн "келген елiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 275-бап 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тауардың декларацияланатын легiнiң кедендiк құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тоқсан айлық есептiк көрсеткiштен асуы;
      аталған тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларының белгіленуі шартымен халықаралық почта жөнелтімдерiн заңды тұлғалар жiберсе;";
      29) 279-баптағы, 280-баптың 1-тармағындағы, 281-баптағы, 285-баптың 1-тармағындағы "олардың кедендiк ресiмделуi үшiн белгіленген орындардан тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс" деген сөздер алынып тасталсын;
      30) 283-баптың 1-тармағы "олардың отбасы мүшелерiне" деген сөздерден кейiн "шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      31) 317-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы "әкелiнетiн" деген сөзден кейiн "/әкетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
      32) 327-бапта "артық төленген" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік төлемдердiң қайта қаралған сомаларын төлеу не кедендiк төлемдердiң төленбеген сомаларын алу туралы талаптарына, сондай-ақ" деген сөздермен, "төлеушілердің" деген сөздерден кейiн "талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      33) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "333-бап. Өнеркәсiптiк қайта өңдеу
      осы тараудың мақсаттары үшін шикiзаттарды және (немесе) материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеу деп, егер бұл ретте төменде санамаланған шарттардың бiрi орындалса, оларды тауарлар өндiру процесiнде одан әрі пайдалану түсініледi:
      1) өнеркәсiптiк қайта өңдеуден кейiн алынған өнiмнiң (тауардың) пайдаланылған шикiзаттар мен материалдардан ерекшеленетін cыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының бiрiншi төрт белгінің кез келген деңгейiндегi коды болады;
      2) тауар шығарылған ел Қазақстан Республикасы болып саналуы үшін жеткiлiктi өндiрiстік және технологиялық операцияларды орындау. Tауap шығарылған ел Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады;
      3) шикiзаттар мен материалдар құнының пайыздық үлесi түпкілiктi өнiм бағасындағы тiркелген үлеске жетедi (адвалорлық үлес).
      Осы баптың бiрiншi бөлігiнің 2) тармақшаларында көрсетілген нақты тауарларға қатысты шарттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Өнеркәсіптік қайта өңдеуге:
      1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi операциялар;
      2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар (тауарлар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімдердi қалыптастыру, сұрыптау, қайта буып-түю);
      3) онымен бекiту материалының (винттердiң, гайкалардың, болттардың және өзге де бекiту материалдарының) көмегiмен не тойтарумен, пісiрумен, дәнекерлеумен немесе желiмдеу жолымен тауардың компоненттерiн құрастыру түсінілетiн қарапайым құрастыру операциялары;
      4) егер түпкілікті өнiмнiң (тауардың) сипаттамалары араластырылған шикiзаттар мен материалдардың сипаттамаларынан елеулi түрде ерекшеленбесе, әр түрлi елдерден шығарылатын тауарларды (компоненттерді) араластыру;
      5) мал сою жатпайды.";
      34) 338-баптың 1-тармағы:
      2) тармақшадағы "транзит рәсiмi бойынша" деген сөздерден кейiн "тауарлар мен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) осы Кодекстің 392, 393-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезiнде;";
      35) 44-тараудың тақырыбында "және" деген сөз "мен" деген сөзбен ауыстырылсын, "қайтару" деген сөзден кейiн "және есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      36) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "346-бап. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды қайтару және есепке алу
      1. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен төленуге тиiс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасы болып танылады.
      2. Кедендiк төлемдер мен салықтарды қайтарып алу немесе есепке алу мақсатында төлеушi артық төленген сомалар төленген күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кедендiк ресiмдеудi, тауарлар мен көлiк құралдарын сақтауды, кедендiк iлесiп алып жүрудi, лицензиялар берудi, алдын ала шешiм қабылдауды жасаған кеден органына кедендiк төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы растау беру туралы өтiнішпен жүгінедi.
      3. Артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасын қайтару туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде:
      1) соманың төленгенiн растайтын төлем құжатының көшірмесi;
      2) кедендiк декларация ресiмделген жағдайда берiлетiн, кеден органы ресiмдеген, сол бойынша кедендiк төлемдер және салықтар есептелген және енгiзiлген кедендiк декларацияның көшiрмесi;
      3) жүзеге асыру үшiн кедендiк төлемдер енгізіліп, тауарларды сақтау, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк iлесiп алып жүру, лицензия бepу, алдын ала шешiм қабылдау кезiнде кеден органдары ресiмдеген, кедендiк төлемдердi төлеу кедендiк декларацияны ресiмдемей жүргiзiлген жағдайларда берiлетiн басқа да құжаттардың көшiрмелерi берiлуi тиiс.
      4. Артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар сомасының бар екендiгін растау туралы өтiнiшті қарау мерзiмi төлеушi өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      5. Артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар сомасының бар екендiгiн растау туралы өтiнiштi қарау тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлейдi.
      6. Артық төленген кедендiк төлемдер мен салықтар осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде төлеушінің өтiнiшi бойынша салық органдарының қайтаруына немесе есепке алуына жатады.
      7. Кеден органдары алдағы кедендiк төлемдер мен салықтар төлеу шотына есепке алуды кедендiк төлемнiң немесе салықтың ол бойынша артық төленген сома бар түрi бойынша жүргiзеді.";
      37) 348-бап 2-тармағының 2) тармақшасындағы "артық төленген сома" деген сөздер "кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрі бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      38) 351-бап бойынша:
      тақырыптағы "сома" деген сөзден кейiн "кедендік төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "сома" деген сөзден кейiн "кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кедендiк төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларын кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша берешекті өтеу не депозит есебiне жатқызу кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      39) 352-баптың 1-тармағында:
      "Артық төленген сома" деген сөздер "Кедендік төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша артық төленген сома" деген сөздермен ауыстырылсын;
      40) 379-бап 2-тармағының 2) тармақшасында "тауарларға қатысты" деген сөздердiң алдынан "тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      41) 380-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден ережелерiн бұза отырып әкелiнген тауарларға арналған жүктің кедендiк декларациясы қылмыстық немесе әкімшілiк жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе уәкiлетті органның (лауазымды адамның) шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, не жауапкершіліктен босату немесе кеден ережелерiн бұзу фактiсi бойынша iсті тоқтату туралы соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап отыз күнтiзбелік күн iшiнде берiледi.";
      42) 383-бапта:
      1) тармақшаның екiншi абзацы, 3) тармақшаның үшінші абзацы, 12) тармақша, 13) тармақшаның төртiншi абзацы, 16) тармақша "сәйкестілiк сертификаты" деген сөздерден кейiн "немесе сәйкестiк туралы декларация" деген сөздермен толықтырылсын;
      тармақшаның екiншi абзацындағы, 3) тармақшаның үшіншi абзацындағы, 12) тармақшадағы, 13) тармақшаның төртiншi абзацындағы, 16) тармақшадағы "сертификат беру" деген сөздер "оларды бepу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      10) тармақшаның үшіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "көрмелер өткiзуге арналған, кейiннен сатылмайтын тауарларды (экспонаттарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды беру мiндеттi тауарларға сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестілік туралы декларация;";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органының қызмет аймағында сертификаттау жөнiндегi тiркелген органның болмауы себептi әкелiнген тауарларды сертификаттау бойынша жұмыс жүргізу мүмкiн болмайтын жағдайда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы осы баптың бiрiншi бөлігінің 1), 3), 10), 12), 13) және 16) тармақшаларындағы таңдалған кедендiк режимдерге сәйкес өтініш-декларация ұсынады.";
      43) 385-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте қайтарып алынған жүктің кедендiк декларациясы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган айқындайтын тәртiппен жойылуға жатады.";
      44) 387-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легі жеткiзiлгеннен кейiнгі күннен бастап отыз күннен кешіктірiлмей декларант тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзген кеден органына жүктiң толық кедендiк декларациясын ұсынады.
      Бағаны айқындау шартымен тауарларды шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқықтарын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге беру кезiнде көрсетілген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актiсi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легіне бiрнеше көлiктік құжаттар жасалса, көрсетілген мерзiм соңғы көлiктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.";
      45) 390-баптың 2) тармақшасы "сертификаттар," деген сөзден кейiн "сәйкестілiк туралы декларация, өтiніш-декларация," деген сөздермен толықтырылсын;
      46) 401-баптың 2-тармағының 4-тармақшасы алынып тасталсын;
      47) 448-бап 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қажет болған жағдайда тексерiп қарау кейiннен кеден органының басшылығын жазбаша хабардар ете отырып, жиырма төрт сағаттың ішiнде шұғыл түрде жүргiзiледі.";
      48) 453-баптың 3-тармағындағы "бiрдейлендiру белгiлерi" деген сөздер "бiрдейлендiру құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      49) 459-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексерудi оның сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелетін кеден және өзге де заңдарының сақталуын бақылау мақсатында кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен кеден органдары жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысы бойынша заңдарда белгiленген уақыт аралықтары ескерiле отырып жүргiзiлетiн алдын ала жоспарланған тексеру;
      2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi жедел жоюды талап ететiн, шағымдарға, өтiнiштерге және арыздарға жедел ден қоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға байланысты; мемлекеттiк бақылау (қадағалау) органдары берген ақпарат арқылы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегі ақпараттарды талдау нәтижелерi бойынша талаптардың бұзылғандығы туралы растайтын мәлiметтер алынған жағдайда; кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша тағайындалатын тексеру;
      3) рейдтік - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасы кеден заңдарының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша кеден органдары жүзеге асыратын тексеру;
      4) қарсы - егер тексеру жүргiзу кезiнде кеден органдарында үшiншi тұлғаларға байланысты тексерiлетiн субъект берген мәлiметтердiң дұрыстығын қайта тексеру мақсатында қосымша ақпарат алу қажеттігi туындаған жағдайда, көрсетiлген тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      5) құжаттамалық - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ұсынатын жүктің кедендік декларацияларындағы, тауарға iлеспе, бухгалтерлiк және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi зерделеу және талдау негiзiнде кеден органдары жүзеге асыратын тексеру.";
      50) 465-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Тексеру актісінің бiр данасы қол қою арқылы немесе жөнелту және тексеру актiсiн алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға берiледі.";
      51) 471-баптың 3-тармағы "Ұлттық Банкiнiң Төрағасы," деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнің бастығы," деген сөздермен толықтырылсын;
      52) 522-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Еңбек сiңiрген жылдарына қарай лауазымдық айлықақыға коэффициент белгiлеу құқығын беретiн қызмет стажына:
      1) жағымсыз себептер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының Қарулы Күштерiнде, iшкi, шекара әскерлерiнде, басқару органдарында және азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КCPO Мемлекеттік қауіпсiздiк комитетi органдарының жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланында әскери қызмет өткерген;
      2) жағымсыз себептер бойынша қызметтен шығарылғандардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер, қаржы полициясы органдары жүйесiнде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет iстеген, судья болып немесе сот аппараттарында жауапты лауазымдарда iстеген, басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет атқарған;
      3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарында, прокуратура, iшкi iстер, қаржы полициясы органдарында, КCPO мемлекеттiк қауiпсiздiк, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарында еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы алуға құқық беретін лауазымдарда жұмыс iстеген;
      4) мемлекеттiк қызметте тұрған адамдардың бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оны күтуге берiлетiн iшiнара ақы төленетiн демалысы мен бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оны күтуге берiлетін жалақысы сақталмайтын қосымша демалысының, сондай-ақ басқа да ақысыз демалыс түрлерiнiң;
      5) КCPO Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүйесiнде жұмыс iстеген;
      6) егер шетелге жіберердiң алдында қызметшi мемлекеттік қызметте болса және көшiп келген уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күннен бастап екi ай мерзiм iшінде мемлекеттiк қызметке кiрсе, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелде жұмыс iстеген;
      7) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақ КCP-i мен Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдарда жұмыс iстеген;
      8) басшы лауазымдардағы, мемлекеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бiрдей мамандық бойынша лауазымдардағы соңғы жұмыс орнының;
      9) егер бұл қызметтер заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылса, мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн қызметкерлер лауазымдарында жұмыс iстеген;
      10) егер қызметші жiберiлгенге дейiн мемлекеттік қызметте болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жолдамасы бойынша халықаралық ұйымдарда немесе басқа мемлекеттерде жұмыс iстеген;
      11) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілiгін көтеру жөнiндегi курстарда жұмыстан қол үзiп оқыған, сондай-ақ егер қызметші оқуға түскенге дейiн мемлекеттік қызметте болса және оны бiтiрген соң мемлекеттiк қызметке қайтып келсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жолдамасы бойынша шетелде оқыған;
      12) Қазақстан Республикасының Парламентi депутатының өкілеттілігін жүзеге асырған уақыт есептеледі.";
      53) 526-баптың 4-тармағының бірінші абзацы "бюджет есебiнен" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген  тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы заң ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады