Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 242 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1086 Қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 маусымдағы  Заңына  сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 242  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 132-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң ережесiнде:
      2-тармақ 6) тармақшадағы "арналады" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) 11 асыл тұқымды мал шаруашылықтарының (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылықтары) салық және республикалық әрi жергiлiктi бюджеттерге төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектi өтеуiне";
      2-тарау мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының салық және республикалық әрi жергiлiктi бюджеттерге төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуi асыл тұқымды мал шаруашылықтарында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген мерзiмi ұзартылған берешек бойынша мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) Ауылшарминi 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесi бар және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн оны жоймаған асыл тұқымды мал шаруашылықтарының тiзбесiн бекiтедi. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының бекiтiлген тізбесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне (бұдан әрi - Салық комитетi) ұсынылады;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылықтары және тиiстi салық органдары бюджеттер мен салық түрлерi бөлiнiсiнде асыл тұқымды мал шаруашылықтарында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген берешектi салыстыру актiлерiн жасайды. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының салық органдары осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының асыл тұқымды мал шаруашылықтарымен салыстыру актiлерiнiң тiзiлiмдерiн бекiтедi және оларды Салық комитетiне ұсынады;
      3) Салық комитетi Ауылшарминiмен бiрлесiп, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттер мен салық түрлерi бөлiнiсiнде берешектiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актiсiн жасайды және оған қол қояды. Ауылшарминi жиынтық салыстыру актiсiнiң бiр данасын Қазынашылық комитетiне ұсынады;
      4) Салық комитетi Ауылшарминiне асыл тұқымды мал шаруашылықтарының және ақы төлеуге шоттарды толтыру үшiн қажеттi көрсетiлген шаруашылықтарды тiркеу есебiнiң орны бойынша тиiстi салық органдарының деректемелерiн ұсынады;
      5) Ауылшарминi жиынтық салыстыру актiсiнiң негiзiнде асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшiн салық берешегiн өтеуге ақы төлеуге шоттарды ресiмдейдi.";
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      "Адай жылқысы   81   73" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Орыстың ауыр жүк таситын жылқысы   81   73".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Асыл тұқымды мал шаруашылығын    
дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 
ережесiне 3-қосымша         

Бекiтемiн               
2004 жылғы "__" __________________ 
__________________________________ 
(аумақтық салық органының басшысы) 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитетi

Салық органдарының салық және республикалық
және жергілiктi бюджеттерге төленетiн төлемдер бойынша
берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларға қатысатын асыл
тұқымды мал шаруашылықтарымен салыстыру актілерiнiң
ТIЗІЛІМІ
__________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың атауы)

                                                          мың теңге
___________________________________________________________________
P/c|Жасалған және қол қой.|Берешек  |  Берешек сомасы
 N |ылған салыстыру актiсi|пайда    |______________________________
   |______________________|болған   |барлығы|респу.|    жергілiкті
   |Салық|Асыл |Acыл |Са. |кiрiс.   |       |блик. |
   |орга.|тұ.  |тұ.  |лыс.|тердiң   |       |      |
   |нының|қымды|қымды|тыру|бюджеттiк|       |      |
   |атауы|мал  |мал  |ак. |сынып.   |       |      |
   |     |ша.  |ша.  |тi. |тамасы   |       |      |
   |     |руа. |руа. |сiне|коды     |       |      |
   |     |шылы.|шылы.|қол |         |       |      |
   |     |ғының|ғының|қо. |         |       |      |
   |     |атауы|орна.|йыл.|         |       |      |
   |     | мен |лас. |ған |         |       |      |
   |     |СТН-i|қан  |күн |         |       |      |
   |     |     |жерi |    |         |       |      |
___________________________________________________________________
 1 |  2  |  3  |  4  |  5 |    6    |   7   |   8  |  9 | 10 | 11
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                            Барлығы
___________________________________________________________________

Сомасы жазумен: ___ теңге, оның iшiнде республикалық бюджетке _____
теңге, _______ бюджетке _______ теңге, _____ бюджетке ______ теңге.

Тиiстi құрылымдық
бөлiмшенiң басшысы _____________    ______________
                      (қолы)           (Т.А.Ә.)
М.О.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын    
дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 
ережесiне 4-қосымша         

200__ жылғы "____" _________ жағдай бойынша салық және
бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша
Салық комитетiнiң ________________________________________
(республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң атауы)
ЖИЫНТЫҚ САЛЫСТЫРУ АКТIСI

                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________
Бюджет|Са. |Салық |Салық комите.  |Республикалық  |Өтеуге ұйғары.
кiрiс.|лық.|төлеу.|тiнiң деректерi|бюджеттік бағ. |латын сома
терi  |тың |шiнiң |    бойынша    |дарлама әкім.  |_______________
сынып.|(тө.|(асыл |_______________|шiсiнiң дерек. |рес. |жер.|бар.
тама. |лем.|тұқым.|рес. |жер.|бар.|терi бойынша   |     |    |
сының |нiң)|ды мал|публ.|гiл.|лығы|_______________|     |    |
 коды |ата.|шаруа.|     |    |    |рес. |жер.|бар.|     |    |
      | уы |шылы. |     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    |ғының)|     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    |атауы |     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    |СТН-i |     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    |орна. |     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    |ласқан|     |    |    |     |    |    |     |    |
      |    | жерi |     |    |    |     |    |    |     |    |
___________________________________________________________________
  1     2      3      4    5    6     7    8   9     10    11   12
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                   Жиыны  Жиы. Жиы. Жиы.  Жиы. Жиы. Жиы.  Жиы. Жиы.
                          ны   ны   ны    ны   ны   ны    ны   ны
___________________________________________________________________

      Жиыны: Берешектi республикалық бюджеттен өтеуге ұйғарылатын
сома __________ мың теңге.
      Салыстыру актiсiн жасаған құн 2004 жылғы "__" _____________

Салық комитетiнiң басшысы     Республикалық бюджеттік бағдарлама
_________________________     әкiмшiсiнiң басшысы
      (Т.А.Ә., қолы)          ___________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)

                              Тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы
                              ___________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)

M.O.                          М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады