Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Чех Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Чех Республикасында Қазақстан Республикасының
Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Чех Республикасында Елшілігі етіп қайта құру жолымен Чех Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті