"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1102 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
зияткерлік меншiк құқықтары мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 37-құжат):
      1) 175-баптың ескертуiнiң 2-тармағы "Осы тараудың" деген сөздердiң алдынан "Осы Кодекстің 184, 184-1-баптарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
      1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүр ету, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге iрi залал келтiрсе, -
      бiр жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты iрi мөлшерде және пайда көру мақсатында жасалған туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау немесе тасымалдау, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзімге қамауға жазаланады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:
      а) бiрнеше рет;
      ә) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
      б) аса iрi мөлшерде;
      в) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасаған әрекеттер, -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Егер зияткерлiк меншiк объектілерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсіптік үлгілердi, селекциялық жетiстіктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс жасалған сәтке белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асса, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарымен көзделген әрекеттер iрi залал келтiрдi немесе iрi мөлшерде жасалды деп танылады.
      2. Егер зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетістіктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс жасалған сәтке белгiленген айлық есептік көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарымен көзделген әрекеттер аса iрi мөлшерде жасалды деп танылады.";
      3) мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:
      "184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
      1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстіктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе өтiнiм берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүр ету, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге iрi залал келтiрсе, -
      бiр жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсіптік үлгінi, селекциялық жетiстiкті немесе интегралдық микросхема топологиясын iрi мөлшерде және пайда көру мақсатында жасалған заңсыз пайдалану, -
      бес жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге қамауға жазаланады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгінде көзделген:
      а) бiрнеше рет;
      ә) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
      б) аса ірі мөлшерде;
      в) адам өзiнiң қызметтік жағдайын пайдаланып жасаған әрекеттер, -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):
      1) 34-баптың бiрiншi бөлiгi "184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 192-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "184-бабында," деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiгiндегi "184" деген сандар алып тасталсын;
      төртiншi бөлiгі "182-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "184, 184-1-баптарында" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж, N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23; 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "интеллектуалдық" деген сөздер "зияткерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 961-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) орындаушылықтар, қойылымдар, фонограммалаp мен эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарлары;";
      3) 971-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақшада "және бейне жазу" деген сөздер "немесе бейне жазу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада "басқа да" деген сөздер "өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ "оның атауын" деген сөздерден кейiн ", кейiпкерлердiң атауларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 972-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "(әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.)" деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақшада "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшада ", (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино теле туындылар), радио туындылар" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтың екiншi бөлiгi мемлекеттік тiлдегі мәтiнде өзгерiссiз қалады;
      5) 975-бапта:
      тақырып "Ресми құжаттардың," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "жобаны" деген сөз "жобаларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Ресми құжаттардың," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың екiншi бөлiгі "Ресми құжаттарды,", "ресми құжатты," деген сөздерден кейiн "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құзыреттi орган жобаны қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiсiнiң аты көрсетілместен және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.";
      6) 976-баптың 2-тармағында "қорғау белгiсiнде көрсетілген" деген сөздер "туындының түпнұсқасында және (немесе) данасында автор ретiнде көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 978-бапта:
      1-тармақта:
      "Авторға" деген сөзден кейiн "оның туындысына қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      "айрықша" деген сөзден кейiн "мүлiктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "(көпшiлiк алдында атқару құқығы)" деген сөздер "(көпшiлiк алдында орындау құқығы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары, оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, оларды одан әрi таратуға заң актiлерiнде көздеген жағдайларды қоспағанда, автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледi.";
      8) 982-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақтарында "елу" деген сөз "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 983-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      10) 986-бапта:
      2-тармақта "Фонограмма жасаушы," деген сөздерден кейiн "эфирлiк және кабельдiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "Фонограмманы, орындау жазбаларын жасаушы" деген сөздер "Фонограмма жасаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Егер өзге дәлел болмаса, фонограммада және (немесе) оның қорабында аты немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмманы жасаушы болып танылады.";
      11) 987-бапта:
      2-тармақта:
      "жазбаны жасаушының құқығы" деген сөздер "фонограмма жасаушының құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орындау жазбасын шығару құқығы" деген сөздер "фонограмма жасаушының құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Өзге шетелдiк орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.";
      12) 988-бапта "орындау жазбаларын немесе фонограмманы жасаған адамдардың" деген сөздер "фонограмма жасаушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 989-бапта:
      1, 2, 3, 4-тармақтарында "елу" деген сөз "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Орындау жазбасын," деген сөздер алып тасталсын, олардан кейiнгi "фонограмма" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      14) 990-бапта:
      тақырыпта "орындау жазбаларын жасаушылардың" деген сөздер "фонограмма жасаушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орындау жазбаларын," деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 17, 97-құжат):
      1) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
      1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетістіктi, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе өтiнiм берушiнiң келiсiмiнсiз өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстіктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтердiң ресми жариялануына дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иелену немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ осы әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
      1. Авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сату мақсатында алу, сақтау немесе тасымалдау, авторлықты иелену немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      туындылардың және фонограммалардың даналарын, сондай-ақ құқық бұзушылықты жасау үшiн қару болып табылған бұйымдарды тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептік көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ осы әрекеттер, -
      туындылардың және фонограммалардың даналарын, сондай-ақ құқық бұзушылықты жасау үшiн қару болып табылған бұйымдарды тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес туындылар мен фонограммалардың тәркiленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесiне оның өтiнiшi бойынша берiлетін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс.
      Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес құқық бұзушылықты жасау үшiн қару болып табылған бұйымдар заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiң меншігіне аударуға жатады.";
      2) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
      1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер осы іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      азаматтарға - бiр айлық есептік көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлігінде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ осы әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      4) 551-баптың тақырыбындағы "Авторлық құқықтар" және мәтiнiндегі "Авторлық және сабақтас құқықтар", "Авторлық құқықтар жөнiндегі" деген сөздер "Зияткерлік меншiк құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы отыз төртiншi абзацта "авторлық және сабақтас құқықтар" деген сөздер "зияткерлік меншiк құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Салықтар және бюджетке басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат):
      1) 61-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тіркегенi үшiн алым.";
      2) мынадай мазмұндағы 75-1-тараумен және 422-1, 422-2 және 422-3-баптармен толықтырылсын:
      "75-1-тарау. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тiркегенi үшін алым
      422-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшiн алым (бұдан әрi - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың түпнұсқасын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
      422-2-бап. Алымды төлеушiлер
      Жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады, тiркеушi орган олардың мүддесінде тiркеудi жүргiзедi.
      422-3. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленеді.
      2. Алым сомасы салық төлеушiнiң тiркелуiн есепке алу орны бойынша бюджетке енгiзіледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл ретте төлеушi тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлға табыс етпегенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейiн қайтарылады.";
      3) 495-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 499-1-бабымен көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттік баж алынады.";
      4) мынадай мазмұндағы 499-1-баппен толықтырылсын:
      "499-1-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілеттi орган заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттiк баж ставкалары
      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті орган заңдық мәнi бap іс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) алдын ала патент, патент, куәлiк бергенi үшін - 100 пайыз;
      2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергенi үшiн - 100 пайыз;
      3) басқаға беру шарттарын, кепілдi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркегенi үшін - 150 пайыз;
      4) патенттiк сенiм білдiрілген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн - 1500 пайыз;
      5) патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн - 100 пайыз мемлекеттiк баж алынады.";
      5) мынадай мазмұндағы 505-1-баппен толықтырылсын:
      "505-1-бап. Зияткерлiк меншік саласындағы уәкiлеттi орган заңдық мәнi бар іс-әрекеттерді жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату
      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасаған кезде:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерiнде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
      3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
      4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ және үш дәрежелi Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оның мүгедектерi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес оларға теңестірiлген адамдар, бала кезiнен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
      6) 507-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлетті орган алдын ала патенттердi, патенттердi, куәлiктердi, сертификаттарды беруге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленеді.".

      6. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат):
      46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшiн алым;";
      32) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның жасаған заңдық мәнi бар iс-әрекеттер үшiн алынатын мемлекеттік баж болып табылады.".

      7. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 237-құжат; 2004 ж, N 17, 100-құжат):
      1) 1-баптың мәтiнiнде "санаткерлік" деген сөз "зияткерлiк" деген cөзбен ауыстырылсын;
      2) 2-бапта:
      8) тармақша мемлекеттiк тілдегi мәтiнде өзгерiссiз қалады;
      11) тармақшада:
      "өзге құқық иеленушінiң" деген сөздер "сабақтас құқықтар иесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орындаушылықты" деген сөзден кейiн "қойылымды" деген сөзбен толықтырылсын;
      18) тармақша "прокатқа" деген сөзден кейiн "(жалға)" деген сөзбен толықтырылсын;
      20) тармақша "орындаушылықтарды," деген сөздерден кейiн "қойылымдарды," деген сөзбен толықтырылсын;
      29) тармақшада екiншi сөйлем алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      2-тармақта:
      "жарияланған" деген сөзден кейiн "туындыларға да" деген сөздер алып тасталсын, "(жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшілiк алдында көрсетiлген)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "түрiндегi жарияланған туындыларға да жарияланбаған туындыларға да қолданылады" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) өзге нысандардағы туындылардың жарияланғанына да, жарияланбағанына да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетiлген) өзге нысандардағы туындыларға да қолданылады.";
      3-тармақ "оның атауымен" деген сөздерден кейiн ", кейiпкерлердiң атауларымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мүсiндеме, кескiндеме" деген сөздер "кескiндеме, мүсiндеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 9-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қолжазбаны тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкілеттi орган белгiлейдi.";
      6) 13-баптың 3-тармағында "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 18-бапта:
      1-тармақ "тек өз мақсаты үшiн" деген сөздерден кейiн "және табыс алмастан" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 4) тармақшасы "репродукциялауға" деген сөзден кейiн "(репрографиялық қайта шығаруға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 26-баптың 1-тармағында:
      "орындаушының" деген сөзден кейiн ", дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жеке мақсатта" деген сөздерден кейiн "және табыс алмастан" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 28-баптың 1, 4, 5, 6, 9-тармақтарында "елу" деген сөз тиiсiнше "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 35-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Егер өзгеше дәлел болмаса, фонограммада және (немесе) оның қорабында аты немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.";
      12) 37-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында "орындаушының" деген сөздердiң алдынан "орындаушылықты немесе қойылымды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац 1), 2), 3), 4) тармақшалар "орындаушылықты", "орындаушылық", "орындаушылықтың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе қойылымды", "немесе қойылым", "немесе қойылымның" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада:
      "орындаушылық" деген сөзден кейiн "немесе қойылым" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жазу туралы" деген сөздер "жазуға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта "дайындаушы" деген сөз "шығарушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 38-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы "жеткiзудi" деген сөзден кейiн "жүзеге асыру," деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 40-бапта:
      2-тармақтың 6) тармақшасында "жеткiзуге" деген сөз "жеткiзудi жүзеге асыру, жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасында "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "орындаушылықтан," деген сөзден кейiн "қойылымнан," деген сөзбен толықтырылсын;
      16) 42-баптың 1, 2, 3, 4, 5-тармақтарында "елу" деген сөз "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мемлекеттік тiлдегi мәтiнде өзгерiссiз қалады.

      8. "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 655-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):
      25-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлетті орган патент беру, шарттарды тiркеу жөнiндегі iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.".

      9. "Қазақстан Республикасының патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):
      1) Заңның түгел мәтiнi бойынша "интеллектуалдық" деген сөз "зияткерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "35-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама жасау ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлеу
      Уәкiлеттi орган қорғау құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
      Сараптама жасау ұйымының осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны, оның iшiнде қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер қабылдағаны, оларды тiркегенi, өнеркәсiптiк меншiк объектілерiне сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызатын өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшiн сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.";
      3) 36-баптың 1-тармағында "және тiркеу" деген сөздер ", тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрілген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк бepу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Tayap таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 776-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):
      1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "45-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама жасау ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлеу
      Уәкiлетті орган куәлiктердi, сертификаттарды беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
      Сараптама жасау ұйымының осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны, оның iшiнде тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдер, тауар шығарылған жерлердiң атауларын пайдалану құқығын тiркеуге және беруге өтiнiмдер қабылдағаны, сараптама жүргізгенi және оларға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызатын өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшiн сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.";
      2) 46-баптың 1-тармағында "және тiркеу" деген сөздер ", тiркеу және патенттiк сенiм білдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк бepу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 181-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):
      11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Уәкілетті орган куәліктердi беру және шарттарды тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.".

       2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5, 6-тармақтарды қоспағанда, оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады