Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1103 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігiне (қаржы полициясы) қылмыстық процеске қатысушы адамдарға iс жүргiзу шығындарының орнын толтыру жөнiндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен 21967500 (жиырма бiр миллион тоғыз жүз алпыс жетi мың бес жүз) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады