"Meмлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "КолосС" баспасы" ЖШҚ (Мәскеу қаласы) бiлiм беру ұйымдарын сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар оқу әдебиетiмен қамтамасыз ету бойынша тауарлар мен қызметтердi берушi болып белгiленсiн.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бiлiм беру ұйымдары заңнамада белгiленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптiк бiлiмдi мамандар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде тауарлар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
осы қаулыға сәйкес тауарлар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1123 қаулысына
қосымша
Бiлiм беру ұйымдарының тiзбесі
1) "С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
4) "Қазақ ұлттық аграрлық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
6) "М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университеті" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
7) "С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны;
8) "Д.Серiкбаев атындағы Шығыc Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
9) "Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны;
10) "М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.