Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қарашадағы N 1192 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2004 жылғы 15 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YKIMЕTI МЕН
АУҒАНСТАН ӨТПЕЛI ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТI АРАСЫНДАҒЫ
САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi (бұдан әрi - жекелей "Тарап" және бiрге "Тараптар" деп аталатын),
      өзара тиiмділікке негiзделген ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды және кеңейтудi ниет ете отырып;
      осы Келiсiм екi мемлекеттің арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық берiк және үйлесiмдi дамуы үшiн тиiстi және тұрақты негiз болатындығына сенiмдi бола отырып;
      Ауғанстанның экономикалық қалпына келуi және дамуы үшiн қолайлы жағдай жасауды ниет ете отырып;
      Ауғанстанға экономикалық көмек көрсетуге бағытталған халықаралық бағдарламаларға қатысудың маңыздылығын мойындай отырып;
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар екi мемлекет арасындағы атап айтқанда, өнеркәсiп, табиғи ресурстарды барлау және өндiру, технологиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетiн болады. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес екi мемлекет арасындағы экономикалық байланыстардың әртүрлi нысандарын дамытуға жәрдемдесетiн, сондай-ақ өзара келiсiм арқылы осы ынтымақтастықтағы кез келген кедергiлердi еңсеретiн болады.

  2-бап

      Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұлттық экономикалық бағдарламаларға қатысты ақпаратпен, өзара қызығушылық тудыратын басқа да ақпаратпен алмасуды жүзеге асыратын, болады.

  3-бап

      Егер, коммерциялық мәмiледе тараптар болып табылатын екi мемлекеттің жеке және/немесе заңды тұлғалары арасында өзгеше көрсетiлмесе, екi мемлекет арасындағы тауарларға және көрсетiлетiн қызметтерге барлық төлемдер мен ақша аударымдары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес және халықаралық рыноктың бағалары мен стандартты шарттарына сәйкес еркiн айналымдағы валютамен жүзеге асырылатын болады.

  4-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнің ұлттық заңнамалары шеңберiнде екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жүктердің және жолаушылардың транзитiн дамыту үшiн өзара қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететiн болады.

  5-бап

      Тауарларды өзара жеткiзу Тараптар мемлекетiнің ұлттық заңнамасына және бағаға, сапаға, жеткiзiмдер мен төлем шарттарына қатысты белгiленген коммерциялық практикаға сәйкес Тараптардың жеке және заңды тұлғалары арасында жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте Тараптар уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң жеке және заңды тұлғалары арасында жасалған келiсiм-шарттардан туындайтын мiндеттемелер жөнiнде жауап бермейдi.

  6-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру мақсатында екi мемлекет өкiлдерiнен тұратын сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-ауған комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құруға келiстi.
      2. Комиссия қажеттiлiгiне қарай, Тараптар мемлекеттерi бiрiнің аумағында кезек-кезегiмен кездесулер өткiзетiн болады.
      3. Комиссия екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу және оны кеңейту үшiн:
      а) Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы сауда-экономикалық инвестициялық ынтымақтастықты қолдаудың және дамытудың жолдары мен құралдарын қарайтын болады;
      б) сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында Тараптар арасында жасалған халықаралық шарттардың, уағдаластықтардың немесе басқа келiсiм-шарттардың орындалуының iлгерлеуiн қарайтын, сондай-ақ осындай шарттарды орындау процесiнде туындауы мүмкiн проблемаларды шешудің жолдарын ұсынатын болады;
      в) сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатын салаларды айқындайтын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарына ұсынымдар беретiн болады;
      г) екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа кедергi болатын проблемаларды айқындайтын және оларды шешу үшiн шаралар ұсынатын болады;
      д) екi Тараптың қажеттiлiгi бойынша экономикалық көмек көрсету және Ауғанстанның экономикалық жүйелерiн қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды қарастыратын болады.

  7-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  8-бап

      Осы Келiсiмдi түсіндiруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен реттелетiн болады.

  9-бап

      Тараптар осы Келiсiмге тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн және Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. Мұндай өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң 10-бабының 1-тармағында белгіленетiн тәртiппен күшiне енедi.

  10-бап

      1. Осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Тараптар бiр-бiрiн хабардар ететiн соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейiн осы Келiсiм отызыншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм, егер Тараптардың бipeуi екiншi Тарапты жазбаша нысанда тиiсiнше хабардар ету жолымен оның күшiн тоқтату туралы ниетiн білдiрмесе, екi жыл бойы күшiнде болады және өздiгiнен ұзартылған болады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiрi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Келiсiмнің күшi жойылады.

      Күн тiзбесi бойынша құжыраның 1383 жылының 27 Хамалына сәйкес келетін 2004 жылғы 15 сәуiрде әрқайсысы қазақ, дари, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада қол қойылды, әрi барлық мәтiндер бiрдей.
      Түсiндiру кезiнде ауытқушылықтар болған жағдайда, Тараптар Келiсiмнiң ағылшын тiлiндегi мәтiнiне жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының            Ауғанстан Өтпелі Ислам
      Yкiметi үшiн                         Мемлекеті үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады