Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1200 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы мен Қазақстан Республикасының Үкiмет Үйiн көркемдеп безендiру және арнайы асханалық ыдыс пен құралдар сатып алу және Мемлекет басшысын арнайы байланыс түрлерiмен қамтамасыз ету үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 800000000 (сегiз жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады