Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 Қаулысы

      Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.20. N 748 , 2008.11.12. N 1048 Қаулыларымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.20. N 748 қаулысымен .

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 15 қарашадағы
N 1201 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.20. N 748 , 2008.11.12. N 1048 Қаулыларымен.

      1. Осы Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестіктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң) (бұдан әрi - кәсiпорындар) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбi мен қағидаттарын айқындайды және 2006-2008 жылдарға арналған жоспарларды әзiрлеуден бастап, орта мерзiмдi жоспарлау мақсаттары үшiн қолданылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.20. N 748 , 2008.11.12. N 1048 Қаулыларымен.
      2. Ереженiң мақсаты инвестициялық шешiмдердi, оның iшiнде осы процесті тәртiпке келтiру кезiнде кәсiпорындарды мемлекеттік басқарудың (басқаруға қатысудың) тиiмдiлiгін арттыру болып табылады.
      3. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары қабылданған стратегиялық жоспарларды, мемлекеттiк, салалық өңiрлiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған және мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясатқа сай келуi тиiс.
      4. Инвестициялық бағдарлама кәсiпорынның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының , шаруашылық қызмет жоспарының) тиiсті бөлiмi болып табылады. Инвестициялық бағдарлама үш бөлiмшеден тұрады - "Инвестициялық ахуалды бағалау", "Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар" және "Инвестициялық жоспар".
      5. Инвестициялық ахуалды бағалау осы саладағы (аядағы) ахуалды талдауды, кәсiпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыруға негiзделетiн кәсiпорынның ондағы рөлi мен ұстанымын көздейдi.
      Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi үш деңгейлi талдау негiзiнде қалыптастырылады, олар:
      республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) саласындағы (аясындағы) инвестициялық ахуалды талдау - 1-деңгей;
      кәсiпорын қызметінiң мүддесiне, ерекшелігіне, мақсаттары мен мiндеттерiне қолданылатын 1-деңгей нәтижелерiн талдау - 2-деңгей;
      инвестиция түрлерiн, инвестициялық ниет жобаларының құнын, қол жетiмдi жобалар спектрiн, инвестициялауға болатын болжалды қаржыландыру көздерiн, инвестициялық ниеттердi iске асыру болжамы мен сипаттамасын, сондай-ақ жоспарланып отырған инвестициялық шешiмдердi қабылдауға байланысты тәуекелдi айқындауды қамтитын кәсiпорынның әлеуеттi мүмкiндiгiне қолданылатын 2-деңгейдiң нәтижелерiн талдау.
      Әрбiр деңгей бойынша талдау нәтижелерi дәл белгiленген әрi нақты тұжырымдар түрiнде түйiнделедi.
      6. Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар мазмұны жағынан инвестициялық ниеттердiң инвестициялық жобаларын кейiннен келесi жылы инвестициялық жоспарға қосу үшiн оларды одан әрi жан-жақты, егжей-тегжейлi зерделеудiң және негіздеудiң орындылығын алдын ала қағидатты түрде бағалау кезеңiн бiлдiредi.
      Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi инвестициялық ахуалды бағалаудың нәтижелерi негізiнде әзiрленедi және кәсiпорынның инвестициялық саясатының негiзгі басымдықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ кәсiпорынның инвестициялық ниеттерiн көрсететiн белгiленген инвестициялық жобалар кешенiн қамтиды.
      Инвестициялық ниеттер алдын ала есептеулер мен негiздемелердi, қаржыландыру көздерi мен схемаларын, өтелу мерзiмiн, сондай-ақ инвестициялық ниеттердi өзгеше сүйемелдеудi қамтиды.
      7. Кәсiпорынның - табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық басымдықтары мен бағыттарына қосылған жобалар iске асыру кезеңiнде олардың тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) әсер ету мүмкiндігін алдын ала бағалау тұрғысында табиғи монополияларды реттеу жөнiндегі уәкiлеттi органмен келiсiлуi тиiс. Бұл ретте инвестициялық бағыттардың жобаларын алдын ала келiсу (жобаларды инвестициялық жоспарға қосқанға дейiн) оларды мiндеттi түрде iске асырудың шарты болып табылмайды.
      8. Инвестициялық жоспар алдыңғы жылғы инвестициялық бағдарламаның инвестициялық басымдықтары мен бағыттарында қаралған кезде бұрын мақұлданған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен паспорттарын бiлдiредi.
      Инвестициялық жоспарға қосылған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесi, сараптамалық қорытындысы, салалық қорытындысы, нақты қаржыландыру көздерi және оларды iске асыру жөнiндегi басқа да тiркелген өлшемдерi болуы тиiс.
      Инвестициялық жоспарға қосылған әрбiр инвестициялық жобаның паспортында жинақталған нысанда инвестициялық жобаның негiзгi өлшемдерi, сондай-ақ нақты (өлшенетiн) көрсеткiштер көрсетiледi. Атап айтқанда, инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат, оның сипаттамасы, жобаны басқару схемасы, инвестицияларды пайдалану бағыты, өнiмнiң (қызметтердiң), өткiзу рыногының сипаттамасы, жобаны пысықтау дәрежесi, қаржы-экономикалық көрсеткiштерi, қайтару кепiлдiктерi және тәуекелдер, жобаның бюджеттiк және әлеуметтiк тиiмділігi көрсетiледi.
      Паспорттың нысаны мен көрсеткiштерiнiң құрылымдалған тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын даму жоспарлары (қаржы-шаруашылық қызметiнiң, шаруашылық қызметiнiң жоспарлары) бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары және көрсеткiштерi тiзбесi шеңберiнде бекітiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген талаптармен қатар жобаларды мiндеттi түрде iске асыру оларды инвестициялық жоспарға қосудың айқындаушы шарты болып табылады.
      9. Кәсіпорындардың даму жоспарларының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының, шаруашылық қызметi жоспарларының) бөлiмдерi бола отырып, инвестициялық бағдарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде және тәртiппен әзiрленедi.
      10. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары Қазақстан Республикасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн ақпарат көзі және активтердi басқару саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру үшін негiз болып табылады.
      Iске асырылуы жоспарланып отырған кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бекiтiлген және әзiрленетiн республикалық және өңiрлiк орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларымен үйлестiру мақсатында олардың тиiмдiлігі және орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк саясатпен келiсiлуi тұрғысында кешендi бағалау жүзеге асырылады.
      11. Бекiтiлген республикалық және өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарлары кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын тиiсiнше түзету үшiн (соңғыларында орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк саясатқа қағидатты қарама-қайшылықтар табылған кезде) негiз болып табылады.
      Бұл мақсатта кәсiпорындарға қатысты республикалық (коммуналдық) меншiк құқығы субъектiлерiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган тиісті салада (секторда) мемлекет саясатын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлетті мемлекеттік орган болып табылмаған жағдайда) республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiстi саласында (аясында) мемлекеттік саясатты жүргiзуге уәкілеттiк берiлген орталық (жергілiкті) мемлекеттiк органдарға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде тиiстi саладағы (сектордағы) инвестициялық саясаттың тиiмділігi мен оның келiсiлуi тұрғысында тиiсiнше түзетудi жүзеге асыру және салалық бағалауды жүргiзу үшiн инвестициялық бағдарламаларды уақтылы тапсыруды қамтамасыз етедi.
      12. Республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiсті саласында (аясында) мемлекеттiк саясатты жүргiзуге уәкiлеттi орталық (жергiлiктi) мемлекеттiк органдар кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалаудың (және енгiзiлген түзетулердiң) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастырады және экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық (жергілiктi) органға (кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалау жөнiндегi қорытындыларды қоса бере отырып) жiбередi.
      13. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi жергiлiктi мемлекеттiк орган қарау (түзету), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөнiндегi салалық ұсыныстарды кешендi бағалауды және жинауды жүргiзу рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн осы бөлiмдi экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық мемлекеттiк органға жiбередi.
      14. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргізу жөнiндегі рәсiмдердi жүзеге асыру мерзiмдерiн республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органы республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) кешендi бағалауды жүзеге асыру процесiне қатысатын өзге де мемлекеттiк органдарына уақтылы жеткiзедi. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргiзу мерзiмдерiн белгiлеген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескеруi тиiс. P091251
      15. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын қарау барысында мемлекеттiк органдар:
      инвестициялық бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен инвестициялық бағдарламаны бағалауды жүргізу үшiн тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшiлердi тартуға;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (облыс, республикалық маңызы бар қала әкiмдiгінiң) қарауына инвестициялық бағдарламаларды бағалау барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 15 қарашадағы
N 1201 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы N 1543 қаулысында :
      1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстанның Даму банкi" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 232-құжат):
      1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204 қаулысында :
      3-тармақтағы "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат):
      1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 222-құжат):
      1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 223-құжат):
      1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегі кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 775 қаулысында :
      1-тармақтағы "капиталында" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен.
      Ескерту. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31.  N 222 қаулысымен.
 

О некоторых вопросах повышения эффективности управления государственным имуществом

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2004 года N 1201

      В целях реализации мероприятий, направленных на дальнейшее повышение эффективности управления государственным имуществом, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила разработки инвестиционных программ государственных предприятий, акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью), контрольные пакеты акций (доли участия) которых принадлежат государству, за исключением институтов развития, а также национального управляющего холдинга;

      2) изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 20 июля 2005 г. N 748; от 12.11.2008 N 1048.
      2. (Пункт 2 исключен - постановлением Правительства РК от 20 июля 2005 г. N 748)

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания, за исключением подпункта 1) пункта 1, который вводится в действие с 1 января 2005 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 15 ноября 2004 года N 1201

Правила разработки инвестиционных программ государственных
предприятий, акционерных обществ (товариществ с ограниченной
ответственностью), контрольные пакеты акций (доли участия) которых принадлежат государству, за исключением институтов развития, а также национального управляющего холдинга

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 20 июля 2005 г. N 748 ; от 12.11.2008 N 1048 .

      1. Настоящие Правила разработки инвестиционных программ государственных предприятий, акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью), контрольные пакеты акций (доли участия) которых принадлежат государству (далее - Правила), определяют порядок и принципы разработки инвестиционных программ государственных предприятий, акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью), контрольные пакеты акций (доли участия) которых принадлежат государству (далее - предприятия, за исключением институтов развития, а также национального управляющего холдинга) и применяются для целей среднесрочного планирования, начиная с разработки планов на 2006-2008 годы.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 20.07.2005 N 748 ; от 12.11.2008 N 1048 .

      2. Целью Правил является повышение эффективности государственного управления (участия в управлении) предприятиями при принятии инвестиционных решений, в том числе упорядочение данного процесса.

      3. Инвестиционные программы предприятий должны быть направлены на реализацию принятых стратегических планов, государственных, отраслевых региональных программ и соответствовать государственной политике в области управления государственными активами.

      4. Инвестиционная программа является соответствующим разделом плана развития (плана финансово-хозяйственной деятельности, плана хозяйственной деятельности) предприятия. Инвестиционная программа состоит из трех подразделов: "Оценка инвестиционной ситуации", "Инвестиционные приоритеты и направления" и "Инвестиционный план".

      5. Оценка инвестиционной ситуации предусматривает анализ существующей ситуации в отрасли (сфере), роль и позиция в ней предприятия, обуславливающие формирование инвестиционной политики предприятия.

      Данный подраздел инвестиционной программы формируется на основе трехуровнего анализа, включающего:

      анализ инвестиционной ситуации в отрасли (сфере) республики (области, города республиканского значения) - 1-й уровень;

      анализ результатов 1-го уровня применительно к интересам, специфике, целям и задачам деятельности предприятия - 2-й уровень;

      анализ результатов 2-го уровня применительно к потенциальным возможностям предприятия, включающий определение видов инвестиций, стоимости проектов инвестиционных намерений, спектр доступных проектов, предполагаемые источники финансирования, доступные для инвестирования, прогноз и характер реализации инвестиционных намерений, а также риск, связанный с принятием планируемых инвестиционных решений - 3-й уровень.

      Результаты анализа по каждому уровню резюмируются в виде четко обозначенных и конкретных выводов.

      6. Инвестиционные приоритеты и направления содержательно представляют собой этап предварительной принципиальной оценки целесообразности дальнейшего всестороннего, детального изучения и обоснования инвестиционных проектов инвестиционных намерений для последующего их включения в инвестиционный план в следующем году.

      Данный подраздел инвестиционной программы разрабатывается на основании результатов оценки инвестиционной ситуации и включает основные приоритеты и задачи инвестиционной политики предприятия, а также комплекс намеченных инвестиционных проектов, отражающий инвестиционные намерения предприятия.

      Инвестиционные намерения содержат предварительные расчеты и обоснования, источники и схемы финансирования, срок окупаемости, а также иное сопровождение инвестиционных намерений.

      7. Проекты, включенные в инвестиционные приоритеты и направления предприятия, субъекта естественной монополии подлежат согласованию с уполномоченным органом по регулированию естественных монополий на предмет предварительной оценки их возможного влияния на тарифы (цены, ставки сбора) в период реализации. При этом предварительное согласование проектов инвестиционных направлений не является условием обязательной их реализации (до включения проектов в инвестиционный план).

      8. Инвестиционный план представляет собой перечень и паспорта инвестиционных проектов, ранее получивших одобрение при их рассмотрении в инвестиционных приоритетах и направлениях инвестиционной программы предшествующего года.

      Проекты, включенные в инвестиционный план, должны иметь технико-экономическое обоснование, экспертное заключение, отраслевое заключение, конкретные источники финансирования и другие фиксируемые параметры по их реализации.

      В паспорте каждого инвестиционного проекта, включенного в инвестиционный план, в сжатой форме указываются основные параметры инвестиционного проекта, а также конкретные (измеримые) показатели. В частности, излагается общая информация об инвестиционном проекте, описание его характера, схема управления проектом, направление использования инвестиций, характеристика продукции (услуги), рынка сбыта, степень проработки проекта, финансово-экономические показатели, гарантии возврата и риски, бюджетная и социальная эффективность проекта.

      Форма и структурированный перечень показателей паспорта утверждаются в рамках структуры разделов, форм и перечней показателей планов развития (планов финансово-хозяйственной деятельности, хозяйственной деятельности), определяемых в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Наряду с вышеуказанными требованиями, определяющим условием включения проектов в инвестиционный план является их обязательная реализация.

      9. Инвестиционные программы, являясь разделами планов развития (планов финансово-хозяйственной деятельности, планов хозяйственной деятельности) предприятий, разрабатываются в сроки и в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      10. Инвестиционные программы предприятий являются источником информации для разработки среднесрочных планов социально- экономического развития Республики Казахстан и областей, городов республиканского значения и основой для формирования государственной политики в области управления активами.

      В целях гармонизации планируемых к реализации инвестиционных программ предприятий с утвержденными и разрабатываемыми республиканским и региональными среднесрочными планами социально-экономического развития осуществляется их комплексная оценка на предмет эффективности и согласованности с государственной политикой, осуществляемой в рамках среднесрочного планирования.

      11. Утвержденные республиканский и региональные среднесрочные планы социально- экономического развития являются основанием для соответствующей корректировки инвестиционных программ предприятий (при выявлении в последних принципиальных противоречий государственной политике, осуществляемой в рамках среднесрочного планирования).

      В этих целях (в случае, когда государственный орган, осуществляющий функции субъекта права государственной собственности по отношению к предприятию, не является государственным органом, уполномоченным на проведение государственной политики в соответствующей отрасли (секторе) или государственным органом, уполномоченным на осуществление функций по экономическому планированию) государственными органами, осуществляющими функции субъектов прав республиканской (коммунальной) собственности по отношению к предприятиям, обеспечивается своевременное предоставление инвестиционных программ в центральные (местные) государственные органы, уполномоченные на проведение государственной политики в соответствующей отрасли (сфере) республики (области, города республиканского значения) для осуществления, в случае необходимости, соответствующей корректировки и проведения отраслевой оценки на предмет их эффективности и согласованности инвестиционной политике в соответствующей отрасли (секторе) в рамках среднесрочного плана Республики Казахстан (области, города республиканского значения).

      12. Центральные (местные) государственные органы, уполномоченные на проведение государственной политики в соответствующей отрасли (сфере) республики (области, города республиканского значения) по результатам оценки инвестиционных программ предприятий (и внесенных корректировок) формируют и направляют в центральный (местный) орган, уполномоченный на осуществление функций по экономическому планированию, предложения по разработке раздела инвестиционной политики проекта среднесрочного плана социально- экономического развития Республики Казахстан (области, города республиканского значения) на предстоящий трехлетний период (с приложением заключений по оценке инвестиционных программ предприятий).

      13. Местный государственный орган, уполномоченный на осуществление функций по экономическому планированию, после осуществления процедуры рассмотрения (корректировки), проведения комплексной оценки и свода отраслевых предложений по разработке раздела инвестиционной политики проекта среднесрочного плана социально-экономического развития области (города республиканского значения), направляет данный раздел в центральный государственный орган, уполномоченный на осуществление функций по экономическому планированию.

      14. Сроки осуществления процедур по проведению комплексной оценки инвестиционных программ предприятий своевременно доводятся государственным органом, уполномоченным на осуществление функций по экономическому планированию республики (области, города республиканского значения) до иных государственных органов республики (области, города республиканского значения), участвующих в процессе осуществления комплексной оценки. При установлении сроков проведения комплексной оценки инвестиционных программ предприятий государственными органами должны учитываться сроки, установленные для разработки среднесрочных планов социально-экономического развития Республики Казахстан.

      15. Государственные органы в ходе рассмотрения инвестиционных программ предприятий вправе:

      затребовать дополнительную информацию по инвестиционной программе;

      привлекать независимых экспертов и консультантов, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, для проведения оценки инвестиционной программы;

      вносить на рассмотрение Правительства Республики Казахстан (акима области, города республиканского значения) предложения по созданию межведомственных рабочих групп для решения отдельных вопросов, возникающих в ходе оценки инвестиционных программ.

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 15 ноября 2004 года N 1201

Изменения и дополнения,
которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2000 года N 1543 "О создании закрытого акционерного общества "Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству":

      пункт 1 дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2001 года N 659 "О создании закрытого акционерного общества "Банк Развития Казахстана" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 18, ст. 232):

      пункт 1 дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2002 года N 1204 "О мерах по усилению государственной поддержки отечественных производителей" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 40, ст. 408):

      в пункте 3 после слова "капитале" дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития,".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2003 года N 442 "О создании акционерного общества "Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 19, ст. 195):

      в пункте 1 после слова "капитале" дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития".

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 501 "О создании акционерного общества "Инвестиционный фонд Казахстана" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24, ст. 222):

      пункт 1 дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2003 года N 502 "О создании акционерного общества "Национальный инновационный фонд" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24 ст. 223):

      в пункте 1 после слова "капитале" дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития,".

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2003 года N 775 "О неотложных мерах по развитию институционального обеспечения научно-инновационной деятельности, направленных на реализацию Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы":

      в пункте 1 после слова "капитале" дополнить словами ", обусловленным формированием системы институтов развития,".

      8. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.08.2009 N 1251 .
      9. Утратил силу постановлением Правительства РК от 31.03.2006 N 222 .