"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Ұлттық инновациялық қop" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201 қаулысымен .
2. Қоғам қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiкті арттыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерiнде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Қоғамның негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:
отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлық қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;
инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;
ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыруға қатысу;
"инновациялық технологияларды көшiру, қарызға алу және өcipу", оларды коммерцияландыру және енгiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
3) Қоғамның Инвестициялық саясат туралы үш жылға арналған меморандумын бекiтудi акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызсын;
4) Қоғамды Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.26. N 776 қаулысымен .
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне "Республикалық инновациялық қор" жабық акционерлiк қоғамның одан әрi қызметiнiң орындылығы туралы ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) <*>
Ескерту. 6-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.07.23. N 733 қаулысымен .
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-1-жолмен толықтырылсын:
"268-1 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ".
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі