"Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негiздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру тәртiбi туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1210 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру тәртiбi туралы шартты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы
негiздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және
iске асыру тәртiбi туралы шартты бекiту туралы

      2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру тәртiбi туралы шарт бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Мемлекетаралық кеңесi Шешім

2004 жылғы 18 маусым              N 173         Астана қаласы

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы
негiздерiнiң мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау
және іске асыру тәртібі туралы
Шарт

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң (мемлекет басшыларының деңгейiнде) 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартының  7-бабын дамыта отырып, Қоғамдастықтың келiсiлген құқықтық саясатын жүргізу және құқықтық жүйесiн жетiлдiрy мақсатында:
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерiнiң мәртебесi, оларды әзiрлеу, қабылдау және iске асыру тәртiбi туралы Шарт (қоса берiлiп отыр) қабылдансын деп шешті.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінiң мүшелерi:

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

Тәжікстан
Республикасынан

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы
негіздерінің мәртебесi, оларды әзірлеу, қабылдау
және iске асыру тәртібі туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы  шартты және 1999 жылғы 26 қазандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы  келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) шеңберiнде тиiмдi интеграциялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн келiсiлген құқықтық саясатты жүргізуге ұмтыла отырып,
      ЕурАзЭҚ шеңберiндегі құқық қатынастарды реттеудiң бiрiздендiрiлген тәртiбiн әзiрлеу қажеттілігін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап. Реттеу мәні

      Осы Шартпен Тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерiнiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мәртебесiн айқындайды, оларды әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтатудың бiрiздендiрiлген тәртiбiн белгілейдi.
      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерi ретiнде Тараптар үшiн бiркелкi құқық қатынастарының базалық салаларындағы құқықтық реттеу нормаларын белгілейтін және Тараптардың тиiстi келiсiмдердi (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау туралы келiсiмдер) жасасу жолымен қабылданатын ЕурАзЭҚ-тың құқықтық кесiмдерi түсiніледi.

  2-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерін
әзірлеу қағидаттары

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу кезiнде мынадай қағидаттар сақталуға тиiс:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жалпыға танымал халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкестігі;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қолданудың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарларын жан-жақты пысықтау.

  3-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу,
қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру
және тоқтату

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату қоса берiлiп отырған осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.

  4-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерін қабылдау
туралы келiсімдердің күшiне ену тәртiбi

      ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн қабылдау туралы келiсiм Тараптардың олардың күшiне енуi үшін қажет мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  5-бап. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң
iске асырылуын бақылау

      Тараптардың мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiне сәйкестiгiн тексеру және Тараптардың парламенттерi мен үкiметтерiне тиiстi ақпарат ұсыну мақсатында құқықтық сараптама жүргізу жолымен ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнің iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
      ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінiң Хатшылығы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесiн, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясын және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiн ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң iске асырылуы туралы хабардар етедi.

  6-бап. Ақпарат алмасу

      Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң iске асырылуы туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

  7-бап. Күшiне енуi

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және соңғы бекiту грамотасын депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енедi.

  8-бап. Қосылу

      Осы Шарт ЕурАзЭҚ-қа енген кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Осы Шартқа қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      Қосылған мемлекет үшiн осы Шарт қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

  9-бап. Басқа халықаралық шарттармен ара қатынасы

      Осы Шарт қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  10-бап. Өзгерістер енгізу

      Осы Шартқа өзгерiстер Тараптардың өзара келiсiмi бойынша енгізiледi және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi және осы Шарттың 7-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

  11-бап. Дауларды шешу

      Осы Шартты түсiндiру және қолдану туралы Тараптар арасында даулар туындаған жағдайда олар Тараптар арасындағы келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

  12-бап. Қолданылу мерзімі

      Осы Шарт белгіленбеген мерзiмге жасалады. Тараптардың әрқайсысы ЕурАзЭҚ шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, бұл туралы депозитарийге кемiнде он екі айдан бұрын, жазбаша хабарлау жолымен осы Шарттан шығуға құқығы бар.

      2004 жылғы 18 маусымда Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
      Түпнұсқа данасы Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетін ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

       Беларусь Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

  2004 жылғы 18 маусымдағы    
Еуразиялық экономикалық    
қоғамдастықтың заңнамасы   
негiздерiнiң мәртебесi, оларды 
әзiрлеу, қабылдау және iске асыру
тәртiбi туралы шартқа қосымша 

ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзірлеу, қарау,
қабылдау, өзгерту, күшiн тоқтата тұру және тоқтату
ТӘРТIБI

  І. Жалпы epeжелep

      1. Осы Тәртiп ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу, қарау, қабылдау, өзгерту, қызметiн тоқтата тұру мен тоқтатуды ұйымдастыру жүйесiн белгілейдi.
      2. ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерінің жобаларын әзiрлеу жөнiндегі дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шараларын жүргiзуi жұмыс топтарының ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерінің жобаларын Тараптар үкiметтерiнiң қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетiнiң қарауы;
      ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерінің жобаларын мемлекет басшыларының деңгейiнде қарауы және оларды ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң қабылдауы.
      3. ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiн өзгерту, күшін тоқтата тұру және тоқтату, оларды әзiрлеу, қарау және қабылдау үшін осы Тәртiпте көзделген рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

  II. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерінiң жобаларын
әзірлеу жөнiндегі дайындық ұйымдастыру-құқықтық
іс-шаралары

      4. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерінің жобаларын әзiрлеу жөнiндегі дайындық ұйымдастыру-құқықтық iс-шараларына:
      а) ЕурАзЭҚ-тағы интеграциялық процестердi дамыту нәтижелерiн талдау және қорытындылау, құқықтық регламенттеу қажеттілігiн анықтау, тиісті құқық қатынастар салаларындағы құқықтық peттeу тетігін оңтайландыру және бiрiздендiру жөнiндегі ұсыныстарды дайындау;
      б) ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінiң жанындағы кеңестер мен комиссиялардың, сондай-ақ ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегі Парламентаралық Ассамблеяның тұрақты комиссияларының заң жобалау ұсыныстарын қарау;
      в) Тараптардың ұлттық заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн салыстырмалы-құқықтық талдау, құқық қолдану практикасын талдау;
      г) Тараптардың заң шығармашылық қызметінiң жоспарларын зерделеу;
      д) ЕурАзЭҚ шеңберiнде жасалған халықаралық шарттар және ЕурАзЭҚ органдарының шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң орындалуын талдау;
      e) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң шешiмдерiне, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң шешiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн басқа да iс-шаралар кiредi.
      5. Осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген iс-шараларды өз құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссиялары, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы, ЕурАзЭҚ-тың қосалқы органдары, сондай-ақ ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінiң жанындағы кеңестер мен комиссиялар жүзеге асырады.
      6. Iс-шараларды өткiзу нәтижелер бойынша ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар жасайды.
      7. Құқық қатынастарының тиiстi саласында ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобасын әзiрлеу жөнiндегі ұсыныс жоба тұжырымдамасы мен ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн әзiрлеу қажеттiлiгiнiң негіздемесiн қамтиды.
      8. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегі ұсыныстар Тараптардың үкiметтерiмен келiсiлуге тиiс, содан кейiн ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қарауына енгізiледi және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заңшығармашылығы қызметi бағдарламасына енгізiледi.

  III. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнің жобаларын әзiрлеу
жөніндегi жұмыс тобының ЕурАзЭҚ заңнамасы
негiздерiнің жобаларын әзiрлеуi

      9. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеудi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының заңшығармашылығы қызметінiң бағдарламасына сәйкес ЕурАзЭҚ заңнамасының негіздерiнiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегі жұмыс топтары (бұдан әрi - жұмыс топтары) жүзеге асырады.
      10. Жұмыс топтарының құрамын Тараптардың және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ұсыныстарын ескере отырып, ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi қалыптастырады.
      11. Жұмыс топтарының құрамына:
      а) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының мүшелерi;
      б) ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң жанындағы кеңестер мен комиссиялардың мүшелерi;
      в) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптама кеңесiнiң мүшелерi;
      г) ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының және ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi Хатшылығының қызметкерлерi;
      д) Тараптардың мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi;
      е) қызметтерi заңшығармашылығы, құқық қолдану және ғылыми-зерттеу қызметiмен байланысты ғылыми және басқа да ұйымдардың қызметкерлерi кiре алады.
      12. Жұмыс топтарының басшылары және олардың орынбасарлары жұмыс топтары мүшелерiнiң арасынан сайланады.
      13. Жұмыс топтарының қызметiн ақпараттық, құқықтық, материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етудi ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығы жүзеге асырады.
      14. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын әзiрлеудi қаржыландыру ЕурАзЭҚ бюджетінде ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы мен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Бюросы Хатшылығының қызметiн қамтамасыз етуге көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

  IV. Тараптар мемлекеттерінің ЕурАзЭҚ
заңнамасы негіздерінің жобаларын қарауы

      15. Жұмыс топтары әзiрлеген ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблея Бюросының Хатшылығы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы Тараптардың үкiметтерiне жiбередi.
      16. Тараптардың Yкiметтерi ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобалары жөнiндегі қорытындыларды ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы арқылы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы Бюросының Хатшылығына жiбереді.

  V. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ
Парламентаралық Ассамблеясының қарауы

      17. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Регламентiнде белгіленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы қарайды.
      18. ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнің жобалары мақұлдансын және ол ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң қарауына жiберiлсiн;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобасы жұмыс тобына пысықтауға жiберiлсiн.

  VІ. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобаларын
ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінiң қарауы

      19. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті рәсiмдерiнiң ережелерiнде белгіленген тәртіппен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті қарайды.
      20. ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларына қатысты мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобасы мақұлдансын және ол мемлекет басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң қарауына енгiзiлсiн;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнiң жобасы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына пысықтауға жiберiлсiн.

  VII. ЕурАзЭҚ заңнамасы негiздерiнің жобаларын мемлекет
басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық
Кеңесiнiң қарауы және оларды қабылдауы

      21. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын мемлекеттер басшыларының деңгейiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi рәсiмдерiнiң Ережелерiнде белгіленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi қарайды.
      22. ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнiң жобаларын қараудың нәтижелерi бойынша ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi мемлекет басшыларының деңгейiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      а) ЕурАзЭҚ заңнамасының негiздерiн қабылдау туралы келiсiмдi қабылдансын;
      б) ЕурАзЭҚ заңнамасы негіздерiнің жобасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне пысықтауға жiберiлсiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады