Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 1213 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  27-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.

      2. Конкурстарды ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарлар мен қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 30 пайызы көлемiнде жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметiнiң         
2004 жылғы 18 қарашадағы 
N 1213 қаулысымен     
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық
бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi
өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар
сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң
2005 жылға арналған номенклатурасы

      1. Азық-түлiк тауарлары:
      1)  Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318  қаулысымен .
      2)  Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318  қаулысымен .
      3)  Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318  қаулысымен .
      4) шұжық өнiмдерi.
      2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
      1) тiгiн өнiмдері;
      2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
      3) арнайы киiм;
      4) терiден тiгілген киімдер және оның керек-жарақтары, терi бас киiмдер;
      5) төсек-орын керек-жарақтары;
      6) электр-техникалық бұйымдар;
      7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер (сүзгіштер, электр сымдары, щеткелер);
      8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
      9) мал байлайтын шынжыр;
      10) рабица торкөзі;
      11) тұрмыстық мектеп және кеңсе жиһазы;
      12) кеңсе тауарлары;
      13) құрылыс материалдары:
      тротуар тақталары;
      ағаш бұйымдары;
      шегелер;
      терезе және есiк жақтаулары;
      14) қылқалам-щетке бұйымдары;
      15) тығындау бұйымдары;
      16) қатырма қағаз бұйымдары.
      3. Қызметтер:
      1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
      2) полиграфиялық;
      3) салт-ғұрыптық;
      4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерi;
      5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады