Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 821 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 1214 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 821  қаулысына мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      1-тармақта:
      "Тiлеубердi Мұхтар Бескенұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
      "Шәкiров Асқар Оразалыұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады