Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ЖОБА
Қазақстан Республикасының Заңы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 ж. 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Бүкiл мәтіні бойынша "Мемлекеттiк кеме тiзілімінде", "Мемлекеттiк кеме тiзілімiне", "Мемлекеттiк кеме тiзілімі", "Мемлекеттік кеме тiзілімiнен" деген сөздер "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiнде", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттiк кеме тiзiліміне", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілімi", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттiк кеме тiзілімінен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 13-1), 20-1), 49-1) тармақшаларын толықтырылсын:
"12-1) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу пунктiнен түсiру пунктіне дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу;
13-1) жiктеу қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған кемелердi техникалық қадағалауды және жіктеудi жүзеге асыратын ұйым;
20-1) теңiз терминалы - жүктердi тиеу-түсіру, теңiз көлiгiнің түрiмен сабақтас көлiк құралдарын өңдеу, сондай-ақ жолаушыларды отырғызу-түсiру және оларға өзге де қызметтер көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергіш-көлiктiк және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңiз портындағы мамандандырылған аудан;
49-1) жiктеу қоғамының техникалық қадағалауы - кемелерді жобалауға, олардың конструкциясы мен жабдығына қатысты және куәландырудың негізiнде халықаралық нысандағы тиiстi куәлiктердi берудiң нормалар мен стандарттарын қамтитын халықаралық талаптарды ескере отырып, кемеге техникалық куәландыруды жүргізуі, бұл peтте жiктеулiк қоғамның техникалық қадағалауын бақылау уәкiлеттi органда қалады;".
3. 3 баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын.
4. 4-бапта:
1) 1-тармақ алынып тасталсын;
2) 2-тармақ 12) тармақшадағы "жатады" деген сөздiң алдынан ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнің паспортын ресiмдеу, беру, ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекiту;
12-2) шетел мемлекетінiң туын көтеріп жүзуші кемелерге каботажды жүзеге асыруға рұқсаттар беру тәртiбін бекiту;
12-3) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негізiнде кемелердi техникалық қадағалау мен жiктеудi жүзеге асыратын жiктеу қоғамын тану туралы шешiм қабылдау";
3) 3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақтау ережесiн бекiту;
6-1) шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзуші кемелерге каботажды жүзеге асыруға рұқсаттар бepу;";
9) тармақша "жүзеге асыру" деген сөздердiң алдынан "жүргiзуге бақылауды" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша "гидроқұрылыстардың" деген сөзден кейiн ", жасанды аралдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) теңізде жасанды аралдар мен басқа құрылыстарды салуды келісу;".
5. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Каботаж
Теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ тиеу пунктiнен түсiру пунктіне дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуші кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметі белгілеген тәртіппен берілген рұқсат негiзiнде шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзуші кемелер жүзеге асырады.".
6. 12-бап "негiзінде" деген сөзден кейiн "әpбip екi жыл сайын кейiннен ұзарту құқығымен екі жылдан аспайтын, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын.
7. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Теңiз кемелеріне техникалық қадағалауды және оларды жіктеудi жіктеу қоғамдары жүзеге асырады. Өзге ұйымдардың кемелерге және кеменiң жекелеген элементтеріне техникалық қадағалау жүргiзуiне жол берiлмейдi.
Кемеге сынып беру жiктеу қоғамы беретiн жіктеу куәлігімен куәландырылады.".
8. 16-бапта:
1) 4-тармақ "тізілімiнде" деген сөзден кейiн "теңiз," деген сөзбен толықтырылсын;
2) 7-тармақ "тiзілiмiнде" деген сөзден кейiн "бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiн одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-тармақ "тiркеу" деген сөзден кейiн ", қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың көшiрмесiн бepу" деген сөздермен толықтырылсын.
9. Мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2-баптармен толықтырылсын:
"18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу
Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң нәтижесінде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына бұрын енгiзілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiктi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылуы мүмкін.
18-2-бап. Кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару
Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігiн жоғалтқан кеме шығарылуға тиiс.".
10. 28-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Кеме иесi оның кемелерiмен болған авариялық жағдайларды тексеру кезiнде көмек көрсетуге мiндетті.".
11. 31-баптың 1-тармағы 15) тармақшадағы "мiндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға, уәкілеттi орган бекiткен кемелермен болған авариялық жағдайларды тексеру ережесiне сәйкес алдын ала тексеру жүргiзуге және кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейін 3 тәулiк iшiнде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлі хабарламаны, кеме құжаттарынан көшiрмелердi, қатысы бар тұлғалар мен куәгерлердiң түсініктемелерін беруге міндетті.
Қажет болған кезде өзі жазатын таспаларды, олардың мағынасын ашып жазуды, жолы көрсетiлген жол картасын, маневрлеу схемасын, зақымданулардың схемалары мен сызбаларын, басқа да қажетті құжаттарды ұсынсын.".
12. 35-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Теңiз портында жүк тиеу (түсiру) және кемелерге олардың келу кезектілігі тәртібімен қызмет көрсету, жүкпен көлiктiк-экспедиторлық және қойма операциялары, көлiктiң басқа түрлерiнен жүктi теңiз көлiгiне ауыстырып тиеу және керiсiнше iстеу, теңiз кемелерi жолаушыларына қызмет көрсету, сондай-ақ порт кемелерiнде және көлiктiң басқа түрлерiнде жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау жүзеге асырылады.";
2) 2-тармақтағы "теңiз терминалының операторы" деген сөздер "теңiз портын меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленген тұлға, теңiз терминалының операторы мен өзге де жеке және заңды тұлғалар." деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 36-бапта:
1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Теңiз портын меншік құқығында немесе өзге де заңды
негiздерде иеленген тұлғалардың теңiз терминалы
операторы мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың
жауапкершiлiгі";
2) 1-тармақтағы "Теңiз порты (теңiз терминалының операторы)" деген cөздер "Теңiз портын меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленген тұлғалар, теңiз терминалының операторы мен өзге де жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2 және 3-тармақтардағы "Теңiз портына (теңiз терминалының операторына)" деген сөздер "Теңiз портын меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленген тұлғаларға, теңiз терминалы операторы мен өзге де жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. 37-баптағы "Теңiз порты (теңiз терминалының операторы)" деген сөздер "Теңiз портын меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленген тұлғалар, теңiз терминалының операторы мен өзге де жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. 40-баптың 4 тармағының 1) тармақшасы ", соның iшiнде порттың айдынында және кiреберiс каналында кемелердiң өтуінің рұқсат етiлген шөгуiн жариялауға" деген сөздермен толықтырылсын.
16. 177-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi