Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1248 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 10) тармақшасында:
      "4 (төрт)" деген сөз "3 (үш)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "25 (жиырма бес)" деген сөздер "30 (отыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бұл ретте олардың әрқайсысындағы депозит сомасы екінші деңгейдегі банктің теңгерімдік капиталының 15 (он бес) пайызынан аспауы тиіс" деген сөздер алынып тасталсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады