Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 19 ақпандағы N 173 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 391 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 19 ақпандағы N 173  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 8, 89-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушілерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жергiлiктi атқарушы органдар оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сатып алу мен жеткiзудi ұйымдастырады, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынған барлық оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелік құралдардың міндеттi данасымен қамтамасыз етедi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады