Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрiнiң литерлiк рейстерiн техникалық жарақтандыру және қамтамасыз ету үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі