Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысының 2005 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының  48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысының 2005 жылға арналған мынадай шекті шамасы белгіленсін:
      инвестициялық кіріс сомасының 15 пайызынан аспайтын;
      зейнетақы активтерінің айына 0,05 пайызынан аспайтын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жариялауға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады