Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Алмас", "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының конкурстық массасының айрықша шарттары және оны сату тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1288 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Алмас", "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының ауыр қаржы-экономикалық жағдайына байланысты түзеу мекемелерiнiң тыныс-тiршілігі мәселелерiн реттеу және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мақсатында және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Алмас", "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының (бұдан әрi - кәсiпорындар) банкроттығына бастамашылық жасасын.

      2. Сот кәсiпорындарды банкрот деп тану туралы шешiм шығарған және конкурстық iс жүргізудi қозғаған жағдайда:
      1) кәсiпорындардың әрқайсысының мүлiктiк кешенiн бірыңғай лоттармен сатуды;
      2) бiрыңғай лоттардың әрқайсысын сатудың ең төменгі бағасын, әкiмшiлiк шығыстар сомасынан, бiрiншi, екiншi және төртiншi кезектегi кредит берушілердiң талаптары сомасынан төмен емес етiп белгiлеудi көздейтiн олардың конкурстық массасының айрықша шарттары және оны сату тәртiбi белгіленсiн.

      3. Бiрыңғай лоттарды сатып алушыларға мыналарды көздейтін қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) сатып алушылардың:
      технологиялық циклдiң үздiксiздiгін және қызмет бейiнiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiнде;
      өндiрiстiк қызметтi қамтамасыз ету үшiн сатып алынған мүлiктi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық атқару жүйесi комитетi түзеу мекемелерiнiң (бұдан әрi - мекемелер) аумағында пайдалану жөнiнде;
      мекемелерде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы;
      2) сатып алушыда қылмыстық атқару жүйесiнде өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру және мекемелердiң тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен сатып алушылардың сатып алу-сату шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады