Локомотив жабдығын жеткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1322 Қаулысы

      2004 жылғы 1 қарашадағы "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы, "Локомотив" акционерлiк қоғамы, "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы, АБН AMPO Банк H.B. және Америка Құрама Штаттарының Экспорт-импорт банкi арасындағы кредиттiк шарттың (бұдан әрi - кредиттік шарт) орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының бiрден-бiр акционерінің атынан Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Экспорт-импорт банкi арасындағы локомотив жабдығын жеткiзу туралы шартқа (бұдан әрi - шарт) қол қою тапсырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi кредиттiк шартқа сәйкес кепiл заты болып табылатын локомотивтерге билiк етудi шектеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасының өзге де мүдделi мемлекеттiк органдары шарттың тиесілi орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады