Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1237 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен "Байқоңыр" кешенiнiң персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудiң тәртібi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Келiсiмнің жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен "Байқоңыр" кешенiнiң персоналына Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінiң тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртiбi туралы келiсiм жасасуға өкілеттiк берілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкiметі арасындағы
Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға
алу шартымен "Байқоңыр" кешенінің персоналына,
Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінiң тұрғындарына медициналық қызмет
көрсетудің тәртібі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келiсiмдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау шартын және 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, оның атқарушылық билiк ету органдарын қалыптастыру тәртібі мен мәртебесі, туралы келiсiмдi негізге ала отырып,
тиiмдi медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету саласындағы өзара iс-қимылды одан әрі дамыту мен жетілдiру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келiсiмде мынадай негiзгi терминдер пайдаланылады:
"жедел және шұғыл көмек" - азаматтардың денсаулығына қауiп төндiретін жағдайда көрсетілетін медициналық қызметтер кешенi;
"амбулаториялық-емханалық медициналық көмек" - емханада болсын, үйде болсын алдын-алу (диспансерлік бақылау, оған денi сау балаларды да қоса), диагностикалау, консультация беру және ауруларды емдеу іс-шараларды жүргiзу енетiн медициналық қызметтер кешенi;
"тұрақты медициналық көмек" - азаматтарға шұғыл және жоспарлы тәртiппен стационарлық медициналық мекемелер (ұйымдар) ұсынатын медициналық қызмет көрсетулер кешенi;
"санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шаралары" - адамдардың өмiр cүру ортасындағы керi әсер етудi жою немесе азайтуға бағытталған, жұқпалы, паразитарлық аурулар мен жаппай жұқпалы емес аурулардың (улану) алдын алу мен пайда болуын, таралуын және оларды жоюға бағытталған ұйымдастыру, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медико-санитарлық және өзге де шаралар.
2-бап
Осы Келiсімді iске асыру мақсатында:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі
уәкілеттi органдары болып табылады.
3-бап
Ведомствосына байланысты Байқоңыр қаласының денсаулық сақтау мекемелерiн қаржыландыруды Ресей Федерациясының тиiстi органдары, ал Төретам және Ақай кенттерiнiң денсаулық сақтау мекемелерiн қаржыландыруды Қазақстан Республикасының тиiстi органдары iске асырады.
4-бап
"Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметкерлері мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудi және санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шараларды Ресей Федерациясының заңнамаларына және осы Келiсiмге сәйкес Федералдық медико-биологиялық агенттігінің, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің, Байқоңыр қаласы денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау мекемелерi жүзеге асырады.
Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудi және санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Келісімге сәйкес Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдары жүзеге асырады.
5-бaп
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына, ғарыш айлағы персоналдарының отбасы мүшелерiне, Байқоңыр қаласының тұрғындарына, сондай-ақ ресейлік мекемелерде, ұйымдарда және Байқоңыр кешенi кәсіпорындары мен Байқоңыр айлағында жұмыс iстейтiн Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына, олардың азаматтығына қарамай Ресей Федерациясы бюджетiнiң есебiнен Байқоңыр қаласының медицина мекемелерi медициналық көмек (амбулаториялық-емханалық, стационарлық) көрсетедi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының мекемелерiнде жұмыс iстейтiн Байқоңыр қаласы тұрғындары және жұмысқа қабілеттi жаста бiрақ жұмыс iстемейтін, медициналық көмектi (амбулаториялық-емханалық, стационарлық) Байқоңыр қаласының медицина мекемелерi көрсетедi. Медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде Қазақстан Республикасы бюджетiнің есебiнен жүргізіледі.
3. Байқоңыр қаласының аумағында орналасқан, бiрақ Байқоңыр қаласының тұрғаны болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмектi (амбулаториялық-емханалық, стационарлық) Байқоңыр қаласының медицина мекемелерi көрсетедi. Медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу тегін медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде Қазақстан Республикасы бюджетiнiң есебiнен жүргiзіледi.
4. Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек осы елдi мекеннiң медициналық мекемелерi көмек көрсете алмаған жағдайда, кент тұрғындарына медициналық көмектi (амбулаториялық-емханалық, стационарлық) Төретам және Ақай кенттерінің медициналық мекемелерi және жедел медициналық жәрдем жолдамасы бойынша Байқоңыр қаласының медициналық мекемелерi көрсетедi. Медициналық қызмет көрсетуге ақы төлеу тегін медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде Қазақстан Республикасы бюджетiнің есебiнен жүргізіледi.
5. Мамандандырылған туберкулезге қарсы, психиатриялық, терi-венерологиялық, наркологиялық, онкологиялық медициналық көмектер көрсету әкiмшілік-аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады.
6. Байқоңыр қаласының тұрғындарына жедел және шұғыл медициналық көмек Байқоңыр қаласының бюджеті қаражаты есебiнен кедергiсiз және толық көлемде көрсетіледi.
6-бап
Тараптардың уәкiлеттi органдары Байқоңыр қаласын, Төретам және Ақай кенттерiн халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi өздерiнiң өңірлiк бағдарламаларына енгiзедi.
7-бап
Тараптардың уәкілеттi органдары "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай кенттерi аумағында халықтың денсаулығын сақтау мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзара бiрлесiп iс-қимыл жасау, ақпарат және статистикалық есеп алмасуды iске асырады.
8-бап
Тараптардың уәкiлетті органдары бiр-бiрiн "Байқоңыр" кешенi мен оған iргелес аумақтардағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттандырады және қажетті медициналық көмек көрсету кезінде өзара бiрлесiп iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi.
9-бап
Тараптардың уәкілеттi органдары медицина мекемелерiн (ұжымдарын) кадрлармен қамтамасыз етуге ықпал етеді, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дәрiгерлердің бiлiмiн жетiлдiру институттарында медицина кадрларының біліктілігін көтеруде тиiстi көмек көрсетедi.
10-бап
Уәкілетті органдар Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде жаңадан ашылған және қазiргі қолда бар медициналық мекемелердiң (ұжымдардың) таратылғаны туралы бiрiн-бiрi хабардар етеді.
11-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмдейтiн, осы Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлуi мүмкін.
Осы Келісімді орындауға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың уәкілетті органдарының келiссөз жүргізуi жолымен шешiледi.
12-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуi үшін қажеттi мемлекетiшілік рәсімдерді Тараптардың орындау туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енедi.
13-бап
Осы Келiсiмнің Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартының (бұдан әрi - Жалға алу шарты) кезеңiнде күші болады және бір Тараптың осы Келiсiмнiң қолданыс күшін тоқтату туралы екінші Тарапты жазбаша құлағдар етуiн алған күнінен бастап өз қолданысын алты ай өткеннен кейiн немесе осы оқиғаның бiрi ерте iске кiрiсуiне қарамастан жалға алу Шарты қолданыс күшін тоқтатады.
14-бап
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсiбi министрлiгi, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi (Әскери- ғарыш күштері), Ресей Ғарыш агенттігі, Ленинск қаласының әкiмшілігi арасындағы 1995 жылғы 3 наурыздағы "Ресей Федерациясының жалдау жағдайларында "Байқоңыр" кешенi қызметкерлерi мен Ленинск қаласының басқа да тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы" келiсiм осы Келiсiм күшіне енгізілген күнiнен бастап өзiнің қолданылуын тоқтатады.
2004 жылғы "__" ___________ __________ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалған, бұл ретте екi мәтiннiң де бiрдей күші бар. Осы Келiсiмнiң ережелерін түсіндіруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтінге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшін Үкiметі үшiн