Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігіне аккредитивтер ашу және олардың қолданылу мерзiмдерiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1349 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының:
      1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне 002 "Мемлекеттiк басқарудың ахуалдық жүйесiн құру" республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша "Бұлақ Group" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігімен жасасқан 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 89 және "Интегрис" жабық акционерлiк қоғамымен жасасқан 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 124 шарттар бойынша аккредитивтер (бұдан әрi - аккредитивтер) ашу туралы;
      2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады