Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1358. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен. Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
      "Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;
      Евгений Евгеньевич Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға;";
      Әмірин Ғұсман Кәрімұлы - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады