Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мемлекеттiк аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Сақтандыру рыногында аннуитеттiк өнiмдердiң жекелеген түрлерiн дамытуға жәрдемдесу Қоғам қызметiнiң негiзгі мәнi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамаға белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 500 000 000 (бec жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптасуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi белгіленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi жөнiндегi уәкiлеттi органға бергенге дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттеріне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-59-жолмен толықтырылсын:
"21-59 "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 217-7-жолмен толықтырылсын:
"217-7 "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |